FASHION WEEK ASTANA 2018



Сән апталықтың 3-ші күні. Подиумда Латвиялық baronessa demi couture брендінің топтамасы.
Шабытына шектеу қоймаған дизайнер Марта Берз топтамасын «инелік» деп атады. Яғни, киімдер сұңғақ бойлы, сымбаты келіскен қыздарға арналған. Үйлесіммен таңдалған жейде мен шалбар, белі тал шыбықтай иілген арулардың ажарын ашып, нәзіктігін еселейді. Құнды тастармен әрленген кешкі көйлектер көрермендерді бейжай қалдырмады. Етегі ұзыны, қысқасы да көрген жанның көңілін баурайды. Сәнгер, образдарды 6 ай ішінде дайындаған. Марта Берз, 1,5 жыл ішінде Дубай, Париж, Миланда өткен сән апталықтарында өнерін паш еткен. Қазақстанға алғаш рет келіп тұр.
Марта Берз – дизайнер / Латвия
Маған Астана ұнады. Әдемі шаhар. Қазақстан фэшн уикты жоғары деңгейде өткізді. Топтамамды «инелік» деп атауымның себебі, ол тартымды, әдемі. Пайдаланған әр матаның сапасы жоғары. Яғни, табиғи жібек, мақпал, франциялық шілтеріні қолдандым. Циркон тасы, кристалды қостым. Бұл кез келген қызды жарқыратады.

Отандық дизайнер Гүлнара Қасым, бала күнгі арманын жүзеге асырды. Ол топтамасына «аққу көлі» атауын беріп, балет биімен ерекшелендірді.
Дизайнер әр туындысына гүлді принт қосып, көктемде сәнге айналар туындылардың сапын толықтырды.Сән әлеміне 4 жыл бұрын қадам басқан дизайнердің Қазақстан фэшн уикке 2-ші рет қатысуы. Айтуынша, келер жылы нәзік түстер сәнге айналады.
Сән апталығының соңғы күніне 7 дизайнер қатысты. Олардың сапында отандық дизайнерлермен қатар, Латвия, Грузия, Ресей, бельгиялық бар. Әр бірі өз елінің болмысын киім арқылы танытқысы келді. Елімізде 25-ші рет өткізілген сән апталығына 16 дизайнер қатысып, мыңнан астам көрермен тамашалады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше