Жыл басынан бері полицияға интернет-алаяқтарға қатысты 900-ден астам шағым түскен

Полицейлер қабылданған шараларға қарамастан, зардап шеккендер санының азаймай тұрғанын айтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астананың полиция департаментінде белгілі болғандай, интернет қолданушыларын алдаудың ең танымал жолы — интернет саудамен айналысатындарға қатысты алаяқтық.


«Әдетте, ғаламдық желінің пайдаланушылары әртүрлі сайттар мен әлеуметтік желілерде тауарларға тапсырыс береді. Бірақ төлем жасағаннан кейін тауарларын ала алмай, алаяқтардың құрығына түседі.  


Сатып алушы тауарлардың өте төмен бағасын, сатылым кеңсесін, байланыс телефондарын назарға алып, әлеуметтік желілердегі белгілі бір топтардан сатып алушылардың пікірлерімен танысуы қажет. 


Сондықтан интернетте тапсырыс бермес бұрын, тауарларды мекен-жайға дейін жеткізіп беру қызметі мен сондай-ақ ақысын қолма-қол төлеу жүйесі бар қызметті таңдауы керек», — деп ескертті полицияда.


Тауарды сатып алу кезінде алаяқтықтың мынадай белгілері бар: сатушының телефон нөмірі мен мекен-жайының көрсетілмеуі, тауар бағасының төмендігі, сатушының аванс төлемін талап етуі, сонымен қатар, өз құжаттарының көшірмесін (жеке басын куәландыратын құжат) ұсынуы.


Ескеруге тиіс тағы бір белгі: тауарларға төлем Qiwi-әмияны арқылы қабылданады. 

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше