Полиция қызметкерлері 252 мыңнан астам пәтер мен 30 мың жеке үйді тексерді

«Учаске» ЖПШ басталған сәттен шамамен 19 мың азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.


5 қыркүйектен бастап Астанада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы уақыт аралығында жергілікті полиция инспекторлары тұрғындар туралы ақпарат алу үшін өз аумақтарындағы пәтерлер мен аулаларды аралап, тұрғындарға байланыс деректері мен ІІО бөлімшелеріндегі кезекші бөлімдердің мекен-жайлары мен байланыс нөмірлері көрсетілген визит карточкаларын таратты.


Осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері 252 мыңнан астам пәтер мен шамамен 30 мың жеке меншік үйге барған. Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да тіркелген 7 мыңға жуық адам мен 15 мыңға жуық қару иелері тексерілді.
ЖПШ барысында жалға берілген шамамен 1,2 мың пәтер анықталды. Олар туралы ақпарат қалалық мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілді.


«Жедел алдын алу іс-шарасы басталған сәттен бастап 19 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 2 мыңы – шағын бұзақылық үшін жауапқа тартылса, 4 мыңнан астам адам – ел аумағында тіркеусіз немесе құжатсыз тұрып жатқан азаматтар», – деп мәлімдеді полиция департаментінің ЖП басқармасында.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше