Астананың үздік вайнері таңдалды

Руслан Айткаримов «VineFest» вайнер жастар фестивалінің жеңімпазы болып танылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 


Жастар фестивалі халықаралық студенттер күніне орай өткізілді. Ұйымдастырушылар айтқандай бұл сәйкестік емес, өйткені әлеуметтік желіні ең белсенді қолданушылар – ол студенттер.
Шараның басты мақсаты – креативті, шығармашыл жастарды қолдау. «VineFest» фестивалі астанада осымен екінші рет қалалық қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен өткізіліп жатыр. Биыл фестивальдің форматы бастауыш вайнерлер мен Instagram әлжелісінде жаңа танылған жұлдыздарды қолдау мақсатында өзгертілді.


Нұрлан Батыров, Kartop.tv және VineFest-2017 – T-jokers жеңімпаздарынан құралған әділқазылар финалға өткен 15 бейнероликке баға берді. Қысқа метражды конкурстық роликтер «Жастар саясаты», «Жас адамдар деген кім» және «Астананың 20 жылдығы» деген тақырыптарда түсірілді.


«Бүгінде вайнерлер шығармашылықтың, өнердің жаңа тармағына айналды. Өнерде осы жаңа бағыттың дамуы үшін, өзінің соңынан ерушілері мен қызықты бола түсуі үшін – ізін басатын ұрпақ керек. Фестивальда жаңа вайнерлер шығып, елімізде танымал болып, олар қажетті трендті беріп отырса дейміз. Танымал болу дегенің – бұл қоғам алдында жауапкершілік алу деген сөз, сол себепті біз вайнерлердің жаңа буыны мен қазіргі буыны – еліміздің дамуын дұрыс бағытта насихаттағанын қалаймыз», — деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин.


Фестивальдің жеңімпазы 350 мың теңге алды. Екінші орын үшін ұйымдастырушылар 250 мың теңге, үшінші орын үшін 150 мың теңге табыс етті.


«Көріңіздер, жасаңыздар, ештеңеден қорықпаңыздар! Жасап көрдім – бірақ қолымнан келмеді десе, онда нашар жасап көрген. Егер жасайтын болсаң сол істі «есің кете» жасауың керек, оған салмақты түрде қарау керек. Себебі, көрермендер жасандылыққа төзбейді», — деді бастауыш вайнерлерге қарата айтқан сөзінде актер, вайнер әрі режиссер Нұрлан Батыров.


Кеш қонақтары өздерінің кумирлерімен суретке түсіп, табысты вайнерлерден қолтаңба алып, лотерея ойнауға қатысты. Соңынан қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертті тамашалады.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше