Астаналық дәрігерлер мен мұғалім, полицейлерге 100 пәтер беріледі
Астана қаласының активімен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау барысында әкім Бақыт Сұлтанов жыл соңына дейін баспана алу үшін барлық қажетті құжаттармен рәсімделген сомасы 1 млн теңгелік 100 тұрғын үй сертифиткатымен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оның айтуынша әрбір азаматтар үшін жайлылық баспананың қолжетімді болуымен байланысты. Осы мақсатта биыл наурыз айында «7-20-25» ауқымды бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде таяу арада бес жылда 100 мыңнан аса азамат баспаналы бола алады.
Астана қайтадан жаңадан тұрғын үй бағдарламасын әзірлеген бірінші қала, ол бюджет саласында қызметкерлердің баспаналы болуы үшін қажетті жағдайларды жасауға бағытталған.
«Бағдарламаның бұдан да қолжетімді блла түсуі үшін халықтың жеңілдік санатындағылар үшін алғашқы жарнаны жартылау субсидиялау үшін қосымша механизмдер әзірлеу жалғасуда», — деді Бақыт Сұлтанов.
Әкім баспана алуда әлеуметтік көмекті ұсыну үшін қайтадан әзірленген тұрғын үй бағдарламасын іске асыру үшін «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ маңызды серіктес екендігін айтты.
«Астанада білім ұйымдарында әкімдікте кезекте тұрған баспанаға мұқтаж 10 мыңдай адам еңбек етеді. Денсаулық саласында 4997 адам және 2682 ІІД қызметкері тұрғын үйге зәру. Осы үш сала азаматтардың өмір сапасына қатты әсер етеді, сол себепті, оларға ең бірінші кезекте көмек беру керек», - деді «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымы Астана қаласының активімен кездесу барысында.
Естеріңізге сала кетейік, Н. Назарбаев өзінің жаңа Жолдауында тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударды. Президент жергілікті атқарушы органдарды қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде алғашқы жарнаны субсидиялауға бірігіп көмектесуге және әлеуметтік саладағы жұмысшылар үшін ипотеканы қолжетімді етуге шақырды.
Пікір жоқ әзірше