II Азиялық Пара ойынына елордалық 9 спортшы қатысады

6-13 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында III Азиялық Пара ойындары өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қазақстан құрамасы құрамында Астаналық «Жігер» спорт клубының 9 спортшысы спорттың 4 түрінен сайысқа түседі:


Жеңіл атлетика – Бейбарыс Болат (ТҚАЗ). Жаттықтырушы – Любовь Латышенко – жеңіл атлетикадан спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы.


Жүзу — Сиязбек Далиев (ТҚАЗ), Диана Сутпаева (көру), Әлібек Уақпаев (көру), Ануар Ахметов (көру), Ерлан Елдекенов (көру). Жаттықтырушы – Владимир Загородний – жүзуден ҚР Еңбек сіңірген жаттытырушысы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы;


Сомдалу — Мария Әуезова (ТҚАЗ). Жаттықтырушы – Евгений Руденко – сомдалудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы;


Дзюдо — Бауыржан Арыстанбеков (көру), Ерғали Шамей (көру). Жаттықтырушы – Оразов Даурен.


Джакарта қаласында өтетін ІІІ Азиялық Пара ойындарына әлемнің 43 мемлекеттен 18 параспорт түрі бойынша 3500-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан Республикасының атынан 9 спорт түрінен (жүзу, сомдалу, жеңіл атлетика, дзюдо, садақ ату, оқ ату, отырып ойнау волейболы, үстел теннисі, шахмат) 91 спортшы бақ сынайды. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының туын жүзуден Пара Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Ануар Ахметов көтереді.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше