Астана қаласының білім ордаларында 16 000 астам мұғалім жұмыс жасайды

Астана қаласының білім ордаларында 16 000 астам мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары білімі бар ұстаздар 85,9 пайыздан астам, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны жылдан-жылға көбеюде. 2017-2018 оқу жылында жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 3530-ды құраса, 2018-2019 оқу жылында бұл көрсеткіш 7949 дейін көтерілген.


2018-2019 оқу жылының басында жалпы білім беретін мектептерде 361 жас маман жұмысқа қабылданған болса. Ал, үш жылдай еңбек өтілі бар 1244 жас мұғалім еңбек етуде.


Астана қаласында соңғы бес жыл ішінде 2000 педагог жұмыстағы жоғары көрсеткіші үшін түрлі марапаттарға ие болған, оның ішінде 130-ы мұғалім төсбелгі иесі атанса, 137 ұстаз мемлекеттік наградалар алған, ал 250 мұғалім ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға, 1860 ұстаз Астана қаласы білім басқармасының алғыс хаттары мен грамоталарына ие болған.


Жыл сайын дәстүрлі түрде «Астана қаласы білім беру саласының алтын қоры» кітабына өнегелі ұстаздардың есімдері тіркеледі. Бүгінгі күні кітапта 86 ұстаз тіркелген.



Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше