Мемлекеттік тілде қызмет көрсететін үздік мекемелер марапатталды
4 қазанда Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркептің төрағалығымен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Шара аясында мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсетуші, креативті, ұлттық-салт дәстүрге бай бірқатар мекеме марапатталды. Сондай-ақ, жұмыс тобының атқарған қызметі қорытындыланып, алда атқаратын іс-шаралар пысықталды.
Атап айтқанда, жыл соңына дейін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдарға және бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, осы салаға қатысты қоғамдық маңызды жобаларды іске асыру мәселесі қаралды.
Пікір жоқ әзірше