Астанада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды
Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерін талқылады.
Астана қаласының ҚХА және Астана қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім мен Астана қаласының қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып өткізген кездесу қоғамдық қабылдау форматында өтті.
Сөз сөйлеушілер деструктивті діндердің және жалған діни ұйымдардың таралуының алдын алу бойынша жұмыстары туралы, экстремизм мен терроризм мәселелері бойынша мемлекеттің ақпараттық саясатының негізгі аспектілері туралы сөз қозғады.
Терроризм — діни емес, әлеуметтік құбылыс болса да, көптеген жағдайларда террористер өздерінің саяси мақсаттарын діни ұрандарға жасырады. Олар діни өсиеттердің мағынасын дұрыс түсіндірмейді, олардың мәні мен адамгершілік шығу тегін бұрмалайды, бұл белгілі бір адамдарға «діни терроризм»деп айтуға себеп береді.
Кездесу барысында қатысушыларға діни ағымдардың радикалдану қаупі және олардың халық арасында, соның ішінде жастар арасында таралуының алдын алу туралы бейнематериалдар көрсетілді.
Сонымен қатар, Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне жалған діни ұйымдардың қоғам санасына теріс әсер ету мәселелері туралы ақпарат жеткізіліп, дәстүрлі және дәстүрлі емес исламға қатысты мәселелер қаралды.
Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу барысында діни сипаттағы өзекті мәселелер көтеріліп, әңгіме «сұрақ-жауап» форматында өтті.
Пікір жоқ әзірше