Астана – Елбасының тарихи қолтаңбасы

20 жылдың ішінде Астана әлем елдерін өзіне қаратқан ең жас, бұтағы бәйтеректей жайылып ең жылдам өскен, ең тез дамыған, ең әдемі астаналардың біріне айналды.
Блог - rakisheva: Астана – Елбасының тарихи қолтаңбасы

«Бәйтерек» монументі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сызбасы.

БҮГІНГІ АСТАНА -

Астана – бұл Елбасының тарихи қолтаңбасы!
Астана — бұл мемлекеттік қуаттың сәулеттік көрінісі!
Астана — бұл қазақтың мерейі, мәртебесі!

Блог - rakisheva: Астана – Елбасының тарихи қолтаңбасы
Бір кезде сары дала болып жатқан Сарыарқаның кең даласында бұл күні миллион адам тұрады, ал 20 жылда дала көздің жауын алар жауһауларға толды. Бүгінгі постымда 20 жасқа толып жатқан Астананың келбетін көрсеткім келеді.

Айта кетерлігі, бұл посттағы 100 пайыз сурет анимацияланған. Сондықтан, тінтуіріңізді оңға-солға, жоғары-төмен айналдырып қараңыздар :)
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=c8678e84-5a38-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
Ендеше кеттік! Қарайық! Тамсанайық! Пікірімізбен бөлісе отырайық!
Блог - rakisheva: Астана – Елбасының тарихи қолтаңбасы

cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=d323606e-5a29-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
Жалпы аумағы 722 шаршы шақырымнан астам жерді алып жатқан Астанада еліміздегі ынтымағы жарасқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері, барша обыстардан қоңыс аударған қазақстандықтар және қызмет бабымен шетелден келген азаматтар тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүріп жатыр.

АҚОРДА
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=9373a18a-5a39-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
Осыдан 17 жыл бұрын, яғни 2000 жылы қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып Елбасының резиденциясы «Ақорда» бой көтерді.Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері «Ақорданың» жобасын жасау барысында даму үстіндегі елдің қуаты мен қарқынын білдіретін қайталанбас бірегей кешен құруды өздеріне міндетке алды.Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен А.Мольтени болса, ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик Қ.Монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. Аса маңызды мемлекеттік нысанды салу үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары еңбек етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылған. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр.

БӘЙТЕРЕК
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=5a228060-5a3c-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
2002 жылы Астананың төрінде «Бәйтерек» монументі бой көтерді. Бұл монумент қазақ елі тамырын жеті қабат жер астында жатқан мәуелі бәйтеректей тарихы тереңде жатқан ел екенінің дәлелі іспеттес етіп салынған. Тамырым менің тереңде, жапырағым биікте, әлі де өсеміз, өркендейміз деген ұғымды береді. Биіктігі 97 метр. Бұл ХХ ғасырда дәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмоладан шаңырақ көтергендігін сипаттайды.

АСТАНА ЗАҢҒАРЫ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=b2b6898a-5a3f-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
«Астана заңғарының» сыртқы бейнесі Мәскеуде 50-ші жылдары салынған зәулімдерге ұқсауы бекер емес. Себебі бұл нысан екі ел арасындағы мәңгілік достық пен ынтымақты бейнелейді.Заңғар 39 қабаттан тұрады, оның 36 қабаты тұрғын үй. 12 орам бар, жетеуі мекенжай болса, қалғандары тұрғындарға қызмет көрсететін арнаулы орындар: жоғары талғаммен салынған түрік, фин, орыс моншасы, мұз айдыны мен бассейн, сауда орталығы, дәрігерлік пункт, жер асты көлік тұрақтары мен қоймалар.

«ДУМАН» ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=d91463fa-5a57-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
Астана елордалар ауысуының батыл қадамы ғана емес, тың сәулетшілік идеялар мен нақты шаралардың қаласы. Шаһар бүгінде небір өткір ойлар мен таңқаларлық нәтижелерің шаһарына айналған. Мұның жарқын дәлелдерінің бірі ретінде «Думан» ойын-сауық кешенін айтуға болады.Ол шын мәнінде Ұлы Даладағы мұхит тамшысы, жаһандық айдынның Астанаға жеткен толқыны.Кешеннің басты мақтанышы – тропикалық бақтары бар Мұхитарал. Ондағы аквариумның жалпы аумағы – 13 252 шаршы метр. Нысан ТМД көлемінде ең бірінші болып ашылған. Мұнда Оңтүстік Америка және оңтүстік-шығыс Азиядағы тұщы сулардың, жағалау маңдарының тұңғиықтар мен маржан рифтердің жәндіктері тіршілік етуде.Мұхитарал түбі жылжымалы жолмен және қалыңдығы жеті сантиметрлік акрил шынысынан жасаған 70 метрлік дәлізбен жабдықталған. Көлемі үлкен екі көрме залына аумағы көлемі әртүрлі 11 аквариум қойылған. Осы су асты әлемінде 100 түрлі 2500-дей балық бар. Олар – акулалар мен теңіз алабұғалары, үлкен патша балықтары, жарқанатбалықтар, үйірімен жүретін балықтар, теңіз жұлдызшалары, шаяндар.Теңіз мекендеушілері 3 миллион литр суда тіршілік етеді. Ашылған жылдары Мұхитаралдағы осыншама су қорын теңіз суының құрамына жеткізу үшін 120 тонна теңіз тұзы қолданылған. Аквариум-океанариумның күнделікті тіршілігін арнайы қондырғылар реттеп отырады.Мұхитаралды аралау шектелмеген, сондықтан қонақтардың блықтар мекендйтін Аквариумдағы мекендеушілердің күнделікті тіршілігін ұзақ уақыт тамашалауға мүмкіндігі мол. «Думан» ойын-сауық орталығы ғимаратында орналасқан 3D кинотеатр, дәмханалар тізбегі мен сауда залдары, «Джунгли» аниматроникстер театры Астананың тағы бір ғажайып мақтанышына айналып үлгерді.

"ҚАЗМЕДИА" ОРТАЛЫҒЫ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=d0bb32c6-5a41-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
"Қазмедиа" орталығы телерадиоарналардың ақпараттық кеңістікте сапалы және бәсекеге қабілетті өндірісінде ағымдағы және келешектегі барлық талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын, мемлекеттік хабарлар тарататын басты технологиялық алаң. Медиа орталықта бүкіл қаладағы кварталдарды, көшелер мен үйлерді телевизиялық декорация жасауға, телевизиялық бағдарламалар мен жаңалықтарды түсіру үшін студияны құрастыруға мүмкіндік беретін телевизиялық сериалдар өндірісі үшін аппараттық-студия орнатылған. Кешенде симфониялық оркестрде орындалатын шығармаларды жазып алуға арналған, киноконцерт кешенімен, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін синхронды аударма жүйесімен жабдықталған үлкен концерт залы орналасқан. Ал 22-қабатында қаланың панорамалық көрінісін пайдалана отырып, тікелей эфир жүргізетін және бағдарламалар жазуды ұйымдастыруға қолайлы екі панорамалық студия (SkyStudio) тәулік бойы радиохабарларын тарату және аудиоконтент кешені, спутниктік телепром орналасқан. «Қазмедиа орталығының» барлық технологиялық алаңы әлемдік жетекші өндірушілердің жаңа өнімдерімен жабдықталған. Кешеннің өндірістік базасын бірыңғай заманауи технологияға және айқындығы жоғары форматқа сай келтірілген.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» САЛТАНАТ ҚАҚПАСЫ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=04916b28-5a43-11e7-b2ae-0edaf8f81e27

Салтанат қақпасының биіктігі – 20 метр. Бұл- Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығының айғағы. Арканың ішкі тұсында өрілген баспалдақпен Шолу алаңына шығуға болады. Арканың өң бойы қаақтың ою-өрнегімен бедерленген. Төрт босағасына төрт мүсін орналастырылған. Олардың барлығы Қазақ елінің сан ғасырлық тарихында өлшеусіз үлес қосып, ерен еңбек сіңірген адамдардың жинақталған сипаты. Бірі – даналық пен парасатталық нышаны – ақ сақалды ата болса, екіншісі – мейірімділік пен бауырмалдықтың белгісі – ақ жауалықты ана бейнесінде. Үшінші және төртінші мүсіндер ұлан-ғайыр жерімізді атажауаларымыздан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған айбынды батырымызды дәріптейді. Қақпаның маңдайшасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған. Ал бір бүйіріне бедерленетін тайқазан егемен еліміздің ешқашан сарқылмас ырысын бейнелейді. Тайқазанның үстіне ілінген қалқан – қарсы келгенді қасқайып қарсы алатын қаһармандықтың белгісі. Ішкі қабырғасындағы ойықта әр дәуірдегі қазақ елінің даму белестері бедерленіп жазылған. Тәуелсіздіктің заңдылық тұғыры –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Декларациясы, Ақорда мен Бәйтеректің бейнелері басылған.

«ИСЛАМ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ»
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=ca7ee68a-5a43-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
1999 жылдың сәуір айында Тәуелсіз мемлекетімізге тұңғыш рет ресми сапармен Катар мемлекетінің Әміршісі Хамада Бин Халифа келген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жоғары деңгейде өткен кездесу барысында Астанада Ислам мәдени орталығын салу жөнінде келісім жасалды. Катар мемлекетінің басшысы Бас мешіттің құрылысы үшін Қазақстанға қайтарымсыз 6840000 АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге уәде берді. Астана қаласының әкімдігі Есілдің сол жақ жағалауынан мешіт құрылысына 6,225 га жер бөлді. 2002 жылдың тамыз айында бас мердігер – «Пансинер Эндустрель Тэсислер Санаий ВеТиджарет АШ» түрік компаниясының қазақстандағы филиалы мешіт құрылысын бастады. «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағында инвесторлар мен құрылысшылардың қарқынды жұмыстарының нәтижесінде 2 жыл 7 ай мерзім ішінде Бас қаланың Бас мешіті пайдалануға берілді.2005 жылғы наурыз мерекесі күні ғимаратты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешімімен ғибадатханаға «Нұр-Астана орталық мешіті» деген ат берілді. «Нұр-Астана» мешітінің жобасын ливандық сәулетші Чарльз Хазива жасады. Мұнда бір мезгілде 5000 адам намазға тұра алады. Алып ғибадатхананың архитектуралық ерекшеліктері лен мақтаныш сезімін тударады. Бас күмбезінің биіктігі – 43 метр, аспанға тік шаншылған төрт мұнарасының әрқайсысының биіктігі – 63 метр. Бұдан басқа 25 кіші күмбездері және бар. Ал мешіттің орналасқан жер көлемі 6,3 гектарды құрайды. Ғибадатханың жалпы алаңы 3930 шаршы метр. Бөлек жабдықталған ерлер мен әйелдердің намаз оқитын залдарынның аумағы 2 мың шаршы метрдей.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ»
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=600d3160-5a45-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
2003 жылы Елбасы Астана қаласына Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезінде көтерген бастамасының жарқын көрінісі ретінде Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды.Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік пен келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік нышаны тәрізді. 2006 жылы қыркүйек айында шаңырақ көтерген бұл сарай шындығында да Египеттің даңқты пирамидаларына ұқсайды.Сарайдың сәулет жобасына халықаралық байқау жарияланды. Байқауға мейлінше қатаң талап қойылды, соған сәйкес ұсынылған жобалардың талайы талғамнан шықпай қалды. Төрт турдан соң ғана жеңімпаз анықталды. Есімдері әлемге танылған көптеген сәулет шеберлерінің арасынан ағылшын Норман Фостер үздік шықты.Британия сәулетшісі ұсынған идея әрі тосын, әрі таныс еді, ол пирамида үлгісін таңдаған. Бұл идеяны қостағандар «мәңгілік» ұғымына мән берді. Египет пирамидаларының мәңгілік нышанына айналғанын әлем мойындайды. Ендеше осы құдіретті тоғыстыру ұтқырлық та, көрегендік те.Фрстердің пирамидасы осындай терең астарлы бола отырып, қазіргі заманғы кескін табуға тиісті. Сәулетші мұны жете ескерген.Пирамиданың керегесі берік, салмақ түскенде майыспайтын, жуан металл трубаларынан керілген. Олар биіктей келе тот баспайтын бұрандалармен бекітілген де, алдын ала ойластырылған жоба бойынша кескінді өрнектер құраған.Зәулімнің ұшар шыңы шынымен көпкерілген, сол жерден төгілетін күн сәулесі пирамиданың барлық кеңістігін нұрландырады. Жарық төменгі техникалық қабатқа да түседі.Сарайдың ішкі жоспарлау мәнері де өзгеше. Ғимарат төменнен жоғарыға қарай бес қабатқа бөлінген. Бірінші қабатқа көп қырлы, 1500 орынды зал орныққан. Мұнда алуан түрлі басқосулар: халықаралық деңгейдегі съездер мен конференциялар шақыруға, ойын-сауық, сахналық думандар, опера-балет қойылымдарын ұйымдастыруға болады. Залдың акустикасы айрықша, осында отырып көне грек амфитеатрларында тұрғандай сезінесің.Бесінші қабатта, пирамиданың биігінде әлемнің төрт құбыласын білдіретін төрт көтерген ақшаңқан дөңгелек күмбезшенің астында 200 орынды көркем зал көз тартады. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кейінгі форумдары осы жерде Республика Президентінің қатысуымен өтеді.

"ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=f0bc2c02-5a45-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
"Әзірет Сұлтан" мешіті Қазақ ұлттық университеті, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі орнатылған елорданың солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан.Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық исламдық стильде орындалған. Ғимараттың жалпы аумағы – 17,7 мың шаршы метр. Мешітте ғибадатхана залдары, дәрет алуға және неке қиюға арналған бөлмелер, Құран оқуға және оқу-ағартушылық топтың сабақ оқуына арналған залдар бар. «Әзірет Сұлтан» мешітінің үлкен залына бес мың адамға дейін адам еркін сияды. Бас күмбезінің биіктігі – 51 м., диаметрі – 28,1 м., мешіттің төрт мұнарасының биіктігі – 77 м. Жаңа мешіт заманауи әлемдік архитектуралық тәжірибенің барлық талаптарына жауап береді.

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=c44f6290-5a47-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
«Қазақстан» орталық концерт залы – заманауи технологияларға негізделген және түрлі көлемдегі іс-шараларды: мерекелік және ресми жиналыстар, отандық және шетелдік жұлдыздардың концерттері, конференциялар, тұсаукесерлер, жиналыстар мен көрмелерді өткізуге лайық қаламыздың Бас кешені. Астананың әкімшілік орталығында орналасқан ғимаратқа бірегей архитектуралық құрылысы жағынан да, көлемі жағынан да тең келетін нысанқаламызда, жалпы елімізде кемде-кем. «Қазақстан» орталық концерт залы – астаналықтар мен қала қонақтарына мәдени жағынан баюы мен бос уақытын тиімді өткізуіне сеп болатын демалу орны.

«ТӘУЕЛСІЗДІК» САРАЙЫ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=52ec28f8-5a48-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде тұсауын кесіп, есігін ашқан «Тәуелсіздік сарайы» еліміздің Тәуелсіздігі мерекесінің 17 жылдығы қарсаңында шаңырақ көтерді. Он жылды ойқастай өтіп, әлемге атын әйгілеп үлгерген жас астананың төрінде ТМД елдерінде салына қоймаған сәулетті Сарай тұрғызу, оны тәу етер жалғыз киеміз – Тәуелсіздікке арнау – Елбасының идеясы. Енді, міне, сол ой-арман ақиқатқа айналып, «Қазақ елі» монументінің заңды жалғасы ретінде қазақтың керегесімен қоршалған алып Сарай да шаңырағын тіктеп үлгерді.Мұнда бір мезетте 4 мыңға жуық адам сыйып кететін жиналыс залы бар. Бұл залдың тағы бір таңқаларлығы – керек кезінде бір тетікті басу арқылы жылжымалы қабырғалар шығарып, төртке бөліп тастауға болады. Сөйтіп, алып бөлмесіз, шағын-шағын төрт залға айналдады. Акустикасы да заманауи технологиямен жабдықталып, соңғы ғылыми жетістіктермен жарақтанған Үлкен зал кез келген халықаралық дәрежедегі басқосулар мен конференцияларды ұялмай ұйымдастыруға таптырмас орын.Екінші қабатқа өнер мұражайы орналасқан. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның тарихына жасалған шағын дерекнамадан да көптеген мағұлымат алып, көкірек көзіңіз ашыла түседі.Осыдан кейін үшінші қабатқа көтерілсеңіз, «Астана: кеше, бүгін, ертең...» атты тағы да бір кереметке тап боласыз. Мұнда Елорданың есте жоқ ескі замандардан бастап, бүгінге дейінгі тарихын, қалаберді, келешегі туралы да көп мағұлымат аласыз. Көрмені көзайым қыла жүріп, тағы бір ғажайып жобаны көзіңіз шалады. Ай санап емес, күн санап жетілген Астанамыз алақанға салып қойғандай көз алдыңызға жайылады. Оңтүстік Кореяның «Model Park» деп аталатын компаниясының 600 есе кішірейтіп жасаған Астана макеті Елордамыздың қаншалықты әсем де көркем, сымбатты да сұлу екенін паш ететіндей. Макетке қарап тұрып, сүйікті қалаңды құшағыңа басқын келеді.Макеттен өтіп, алға қарай оза түссеңіз, 4D кинотетры есігін айқара ашады. Мұнда техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған 45 орынжы зал орналасқан.

"ҚАЗАҚ ЕЛІ" МОНУМЕНТІ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=96dd65fe-5a48-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
Еліміз еңсесін тіктеп, егемендік алғалы бері тәуелсіздікке тәбәрік етер мұндай монументтер саусақпен санарлық қана. Бірақ, дәл осындай күрделі композициялық мәнге ие сәулетті-мүсін кешені бұрын-соңды тұрғызылған емес. Жылпы аумағы 5,2 гектар жерді алып жатқан бұл ескерткіштің ел тарихынан алар орны ерекше. «Қазақ елі» — халқымыздың көне тарихы, мәдениеті мен жетістіктерін әспеттейтін ауқымды кешен. Монументтің ұзындығы 91 метр. Бұл елеміздің тәуелсіздік алған жылын білдіреді.Оның ұшар басына Самұрық құсы қонып тұр. Бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуға, гүлденуге ұмтылған ынта-жігерін бейнелейді.Сондықтан алып сәулетті-мүсін кешенінің «Қазақ Елі» атануы да тегін емес. Бұл – тәуелсіздік символы. Бойына қазақ елінің өткені мен бүгінін топтастыруға тырысқан композициялық мазмұны мол кешен әйгілі ақ мәрмәрдан қаланған. Монумент Тәуелсіздік монументі ғана емес, халықтың рухының, халықтың мәңгілігінің, мемлекеттік тұтастығын, іргесінің беріктігін аңғартатын белгі.

«ХАНШАТЫР» ОЙЫН-САУЫҚ САУДА КЕШЕНІ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=d5551fde-5a48-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
«Хан шатыр» орталығының 127 мың шаршы метр аумақты құрайтын жабық алаңы алты қабаттан тұрады. Құрылыс нысаны бүкіл әлемнің қызығушылығын өзіне аударды. Себебі, шатырды салу барасында көптеген технологиялар мен материалдар әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет пайдаланылған.Нысан құрылысын ағылшындық «Foster & Parther» фирмасы жобаласа, негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізген түріктің «Sembol Insaat» құрылыс компаниясы.Хан шатыр қала ішіндегі қала іспетті. Мұндағы климат та өзгеше, температура ішкі автоматика арқылы реттеледі. Арнаулы жапқыштар мен желдеткіш қондырғылар Сарыарқаның құбылмалы ауа-райында кешен температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді.Монако, Гонконго, Париж, Берлин, Жапонияның Сигай қалаларында кездесетін жасанды жағажай «Хан шатырдың» жоғарғы қабатында орналасқан. Мұнда түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл желектің түр-түрін кездестіресіз. Шатыр күн сәулесін өзіне барынша сіңіретін қасиетке ие. Ғимарат ішіндегі тал-теректер сол сәуле арқылы жайқала өсіп тұр. Мұндағы пальмалар мен бұрын-соңды біз көрмеген ағаш түрлерін Испания, Италия, елдерінен әкелген. Жасанды жағажайда суға түсетін үш бассейн бар. Толқынды бассейнге түскен жан кәдімгі теңіз толқынында жүріп жүргендей әсер алады. Ал, балалар бассейніне су сырғанақтары орнатылған. Су жылы, аса терең де емес, бір жарым метрдей. Бұл бассейнге ьүгінгі күні 100-ге жуық адам келеді. Суға түсуден бөлек, жағажай құмында футбол, волейбол ойнауға болады. Ол үшін арнайы алаң қарастырылған. Тамақтану орындары, киіну бөлмесі бар. Теңіз суына түсіп, құмына қыздырынып жатуды армандап жүрген жандар үшін бұл ара таптырмайтын демалыс орны.Бұдан бөлек мөлдір шатыр күмбезі астында гольф ойнауға арналған алаңқай, шағын көлшік, тропикалық және ботаникалық бақтар, бүркенішті жағажай, концерт залдары, түнгі клуб, кинотеарлар, сауда орталығымен қоса 5 жұлдызды қонақ үй жайғасқан. Бұларға 700 орында ішкі автотұрақты қосыңыз. Сонымен қатар бұл жерде бір мезгілде 10 мыңнан астам адам бола алатындығын айта кету жөн. Кешен бүгінгі күні әлемдегі аса ірі сауда орталықтарының бірі аталып отыр.

"ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=1216f780-5a49-11e7-b2ae-0edaf8f81e27
Қазақ Ұлттық өнер университеті 1998 жылы 31 наурызда ҚР Үкіметінің қаулысымен Астана Қазақ ұлттық музыка академиясының негізінде құрылды.Республикамыздың солтүстік аймағында жоғары музыкалық оқу орнын ашу идеясын Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Өнер саласындағы жаңа жоғары оқу орнының алдына маңызды міндеттер қойылды, ол – Астана қаласы мен солтүстік аймақтардың музыкалық инфрақұрылымын жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету. Жас Астана қалыптасқалы оның мәдени өмірін қамтамасыз ететін, болашақта оның рухани негізін құрайтын әртістер мен музыка мамандары, орындаушы ұжымдардың қажеттілігі арта түсті. Музыка академиясының ашылуы осы мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болды.Қазақ ұлттық музыка академиясы ҚР халық әртісі, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаева басқарды. Айман Қожабекқызы – әлемдік музыка кеңістігінде танымал қазақстандық скрипкашы. Ректордың табысты жұмыстарының арқасында 2009 жылы 12 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақ ұлттық муызка академиясы» жаңа мәртебеге ие болып, «Қазақ ұлттық өнер университеті» атауын иеленді. Енді университет дамудың жаңа сатысына шықты.

ЦИРК
cdn.knightlab.com/libs/timeline3/latest/embed/index.html?source=1kI-EL9jg_YY6Gh41_LVS8QkXgSyuooDmb0kGevLxbqk&font=Default&lang=ru&initial_zoom=2&width=725&height=700
Астанадағы ерекше нысанның бірі бейнебір ұшатын тәрелкеге ұқсайтын астаналық циркғимараты. Цирк ашылысымен 2000 орындық жаңа ғимараттың ұжымы елордалықтарды тамаша өнерімен баурап алды. Цирк өнерін тамашалаған кішілер де, үлкендер де мәз-майрам. Африкалық жолбарыстар, ойнақшыған понилер, күлкі тудырар маймылдар мен сүйсінтер күшіктер өнері де балақайларды шаттандырып, езу жиғызбайды.Цирк барлық заманауи талапқа сай келеді. Арена диаметрі 13 метр, ал манеж алаңы керек кезінде мұз айдынына айналып шыға келеді.
Блог - rakisheva: Астана – Елбасының тарихи қолтаңбасы
Ал бүгін Астана, 20 жылдық туған күнінің қарсаңында әлем елдерін өзіне қаратқан, тамсандырған, Халықаралық ЭКСПО көрмесін абыроймен өткізген қалаға айналып отыр.

Ал бүгін, Қазақтанның жүрегінің туған күніне дәл 11 күн қалып отыр. Төмендегі таймлайнан Астана туралы 11 дерек оқи аласыз :)
cdn.knightlab.com/libs/timeline3/latest/embed/index.html?source=1sbPTtePLcZJ1-DOZglVQQncP48m_n7nmA-u_-br0hBE&font=Default&lang=ru&initial_zoom=2&width=800&height=500

Ендеше, 20 жылдыққа арналған мерекелік думанда кездескенше :)
cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=ee165ee8-5a5c-11e7-b2ae-0edaf8f81e27

Барлық жолдар Қазақстанның жүрегі, армандардың орындалатын қаласы Астанаға алып келсін *Angel*
__________________________________________________________________________________________________________
P.S. Материалды дайындау барысында «Астана» альбом-кітабының деректері пайдаланылды.
Материалда қолданылған барлық фото авторлары: АЙНҰР РАКИШЕВА\ ҒАБИТ МАДАЛИЕВ


«Бәйтерек» монументінің түрлі-түсті фотосы: Максим Рожин
«Бейбітшілік және келісім» сарайының жоғарыдан түсірілген фотосы: voxpopuli.kz
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше