Қазақстандық білім жүйесінің құрбандары «фейк» болып шықты
Бас прокуратура әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдау» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің жайылу фактілері анықталғандығы туралы баспасөз таратты.
Аталған роликтерде «Қазақстанның азаматтары» 2018 жылы 23 маусымда митингтерге шығуға шақыруда.
Қадағалау органының хабарламасы бойынша осы бейнероликтерді түсіру үшін, Әбілязов бет келбеті қазақтарға ұқсайтын кәсіби актерлерді тапқан Киев қаласындағы жарнамалық агенттікті жұмылдырған.
Негізінде олар Қазақстанның азаматтары емес болып шықты.
Мысалы «40 мың теңгеге жұмыс істейтін қазақстандық жас мұғалім» рөлін арнайы таңдалған актриса ойнаған, ал «қарапайым жұмыскер жас жігітті» — Әбілязовтың Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен, Шотландияның жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 9 млн.-нан аса теңгені құрайтын қымбат университеттерінің бірінде оқитын туған жиені.
Әбілязов және «ДВК-ның» сыбайластарымен арандату бейнероликтерінің таратылуына байланысты Бас прокуратура сотпен 2018 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында «ДВК-ның» іс-әрекетіне тыйым салынғанын қайталап естеріңізге салады.
Прокуратура «ДВК-ның» экстримистік әрекетіне кез-келген қатысу және оны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын түсіндіреді.
Митингтерге қатысуға шақыру үгеттеулер «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының ережелерін тікелей бұзады.
Ашық акцияларды өткізу үшін оны өткізуді белгілеген мерзімнен 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.
Бүгінгі таңда әкімдіктерге үстіміздегі жылдың 23 маусымында митинг өткізу туралы арыздар түспеген.
Осыған байланысты, прокурорлар митингтер заңсыз болып табылатынын, оларды ұйымдастыру мен оларға қатысқаны үшін әкімшілік жауаптылық, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделген.
Бас прокуратура Қазақстан халқын экстремистік ұйымның және оның сыбайластарының арандатушылықтарына ермеуге шақырады.
Пікір жоқ әзірше