Астанадағы форумда Қазақстандағы Internet of Things болашағы талқыланды

Блог - klara_yermagambetova: Астанадағы форумда Қазақстандағы Internet of Things болашағы талқыланды2017 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласында «IoT Forum Astana 2017» форумы өтті. Форумды ұйымдастырушы – еліміздің жетекші инфокоммуникациялық операторы — «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы. Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен өткізілді.
Форумда күнделікті өмірде түрлі тұрмыстық заттардың есептеу желілерін ұйымдастыру, Internet of Things-ті (IoT — Internet of Things) енгізудің өзекті мәселелері, аталған тұжырымдаманы қазақстандық және жаһандық ауқымда қолдану перспективалары талқыланды.
Шараға халықаралық және қазақстандық сарапшылар, мүдделі тараптардың өкілдері — орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, жабдықтар мен бағдарламалық өнімдерді өндірушілер, журналистер мен блогерлер қатысты.
Форум ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Инновациялық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы баяндады.
«Инновациялық экожүйенің құрылуы — бұл EXPO-базаға негізделген аймақты қалыптастыруға мүмкіндік беретін драйвер болып табылады. Ол өз кезегінде салық жеңілдіктерімен қамтылған жаңа бастамаларды құруды көздейді. Осы алаңға жиналған мақсатымыз, бағдарламаның негізгі бесінші бағыты — өнеркəсіп үшін маңызды болып табылатын, IOT-жобаларды цифрландыру, тиімділікке, автоматтандыруға жəне қаржы шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді»,- деп мәлімдеді А. Жұмағалиев.
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев бүгінде адамдарға тәуелді емес жаңа нарық классы бар екенін атап өтті, мәселен көлік және POST-терминалдар нарығы.
«Егер біз әлемдегі ұялы байланыс желісінің 6 миллиард пайдаланушысы бар деген статистиканы алсақ, онда Internet of Things нарығы 20 миллиардты құрайды.
Менің ойымша, бүгінгі таңда коммуникацияға қосылған әртүрлі құрылғыларда отыратын 5 миллионға жуық абонент бар. IоT нарығының болашағы зор. Дәстүрлі тіркелген байланыс қазіргі таңда қолданыстан шығып барады. Біз бәріміз ұялы телефонға үйрендік, бірақ жаңа нарықтар компания үшін маңызды. Менің ойымша, бұл нарық біздің өмірімізге енді. Біз үшін IоT – заман ағынының маңызды жаңа бөлігі»,- деп атап өтті Қ. Есекеев.
Шараға арнайы шақырылған спикерлер қатарында Beijing Health Forum негізін қалаушы және бас директоры, IoT саласының халықаралық сарапшысы Дуглас Корли мен Гонконгтағы қалалық зияткерлік консорциумның негізін қалаушылардың бірі Тони А.Верба болды.
Д.Корли мемлекеттік технологиялық мәселелерді шешу үшін жылдар бойы ірі ғылыми орталықтармен бірлесе жұмыс істеп келеді. Ол форум барысында аталған саладағы өзінің тәжірибесімен бөлісті. Т.Верба Гонконгта технология, ойын-сауық, мәдениет және әлеуметтік салада бірқатар жобаларға, оның ішінде Ticketflap және ClockenflapMusicandArtsFestival – ға қатысқаны белгілі.
Талқылау алаңында форумның қатысушылары Қазақстанда IоT-ты дамыту туралы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне «Ақылды қала» жобасы аясында осы бағыттың келешегі туралы пікір алмасты.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше