Дайджест: Орталық Азия терроризм ұясы ма?
АҚШ мемлекеттік хатшысы рохинджа мұсылмандарына жасалған зомбылыққа тәуелсіз халықаралық зерттеу жүргізу үшін Мьянма билігін қыспаққа алды, деп жазды The Wall Street Journal. Тиллерсонның қасында жүрген АҚШ мемлекеттік департаменті шенеунігінің журналистерге хабарлауынша, Мемлекеттік хатшы Ракхайн штатындағы бейбітшілік пен тұрақтылық қажет екенін, босқын рохинджалар үйлеріне қайта керектігін мәлімдеген, деп жазды жапонның The Asahi Shimbun газеті. Оның сөзіне қарағанда, Вашингтон «Ракхайнда тәуелсіз зерттеу жүргізілуін қалап отыр».
«Мәскеу Мадридтен Афиныға дейінгі аралықта Еуропадағы тұрақтылықты бұзғысы келеді», деп жазды италиялық La Repubblica. Басылым The Atlantic Council сараптама орталығы дайындаған «Кремль-2-нің трояндық аты» баяндамасына сілтеме жасады. Бұл орталықты Польша сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Радослав Сикорски басқарады. Кремль еуропалық саясаткерлерді, сарапшыларды және қоғамдық топтарды «трояндық ат» секілді пайдаланатыны соншалық, әлсіз Ресейдің өзі еуропалық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде шешуші фактор бола алады", деп есептейді авторлар. Италияда Кремль насихаты оңшыл «Солтүстік Лигасы» партиясы мен «Бес жұлдыз қозғалысына» иек артуы мүмкін, деп жазды La Repubblica.
Орталық Азия терроризм ұясы ма деген сауалға қайта оралған The Diplomat бұл сауалға жоқ деп жауап берген. Мұндай мәселені батыс баспасөзі жақында Өзбекстан азаматының Нью-Йоркте жасаған терактісінен соң көтерген. «Аймақ тұрғындары ұзақ уақыт шетелде жүрген соң терроршыға айналады. Бұны аймақтың экономикалық жағдайымен ғана түсіндіру аздық етеді. Орталық Азиядағы үкіметтер экстремистік топтармен дұрыс күрес жүргізіп отыр. Мәселені ұлттық ерекшелікті іздеу мен әлемдегі терроризммен күрестің осалдығынан іздеген жөн», деп топшылайды басылым.
Сарғыш шомылу киімі мен парик киген алты чех туристі Бораттың образымен Қазақстан астанасындағы I love Astana жазуы маңында суретке түскілері келген, деп хабарлады The Guardian. Полиция шетелдіктерді ұстап, "ұсақ қылмысы" және қоғамдық орынға дұрыс киінбей шыққаны үшін әрқайсысына 22500 теңге ($68) айыппұл салды. «Бораттың шомылу киімі" «Борат» фильмі жарыққа шыққан соң танымал болды. Онда америкалық комик Саша Барон Коэн ойдан құрастырылған қазақ тележуналисінің АҚШ-тағы сапарын сомдаған. Фильм қазақтардың намысына тиді, олар Қазақстанды артта қалған ел ретінде көрсеткеніне ренжіді, деп жазды басылым.

Пікір жоқ әзірше