"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 23 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 23 қыркүйектегі шығарылымында 2-айналымның соңғы ойыны өтті. Қонаққа келген «Арулар» командасы (Әйгерім Кеулімжай, Бану Ергеш, Самал Алашбаева) ойынды 5:6 есебімен аяқтады.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 23 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар1. Британ әншісі M.I.A.-ның (Матха́нги «Ма́йа» Арулпрагаса́м) алғашқы студиялық альбомы АЛЬФА деп аталады (латын қаріптерімен). Альбом атауы әншінің әкесі Arul Pragasam қолданған кодталған саяси лақап есімнен туған. Сондай-ақ, АЛЬФА деп аталатын шоу балет ұжымы, Бәйтерек тобының әні, Мұқағалидың өлеңі бар. АЛЬФАны атаңыз.
2. Антон Чехов өз әңгімелерінің бірінде қызыл, контузия алғандай, бұта арасынан шығып келе жатқан ОНЫ суреттейді. ОҒАН арналған Википедия парақшасында бірқатар африкалық және азиялық мемлекеттердің атаулары мен таңбалары жазылған. ОНЫ атаңыз.
3. Граф Григорий Александрұлының барлық тісі түсіп қалған кезде, ол жіңішке тілімдермен ет тіліп, ұнға малып, тұз, бұрыш салып, пияз қосып қуырып, кастрюльге салып, соус құйып, буға қоюды және 20 минут пісіруді өтінеді. Григорийдің фамилиясын атаңыз.
4. Бір әлеуметтік жарнама үндейді: «ИКС ішпе, ИКСпен жүрме, ИКС жаса». ИКСті атаңыз.
5. «Қалайышы, тігінші, сарбаз, тыңшы» (орысша нұсқасы «Тыңшы, шығып кет») фильміне берілген бір рецензияда былай деп жазады: «Тамаша түсірілген «Шерлоктан» кейін жұлдыз атанған Бенедикт Камбербэтч — мұнда бар болғаны үшінші ...". Үшінші не?
6. «Адам — құдайдың АЛЬФАсы» дейді Қадыр Мырза Әли. Ал Хабар арнасының сюжеттерінің бірі «Оқушы қыздың АЛЬФАсы Елбасының көңілін толқытты» деп аталады. АЛЬФаны атаңыз. (АЛЬФАмен дыбыс үндестігі сақталады)
7. Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ, Басына қыстырғаны шиден таяқ.
Жалаңаш қойып тұтас өзге жерін, Беліне ораныпты аямай-ақ. Қазақ жұмбағын шешіңіз.
8. Таралған пікірге сүйенсек, америкалықтар оны сенімді болу үшін жасайды, орыстар қорыққасын жасайды, қазақтар абайлап, алдын-алу үшін жасайды. Ислам.ру-дың айтуынша, ғалымдардың өзі үшке жарылады: оның барлық түрі рұқсат, ешқандай түріне рұқсат жоқ, тек адамға қатыстысына рұқсат. Ол не?
9. Бұл адам Цезарь Борджиа кезінде белгілі бір уақыт әскери кеңесші қызмет атқарып, жауланған аймақтардың карталарын салады. Әскери бекіністер, су жолдары және жол желілері көрсетілген өңірдің тиянақты сызбаларының арқасында Ареццо қаласындағы көтерілісті басып тастаудың мүмкіндігі туды. Заманауи зерттеушілер бұл қаланың пейзажын ОСЫ ТУЫНДЫНЫҢ артқы көрінісінен көруге болады деп санайды. Қай туындының?
10. Захар Прилепиннің кейіпкерлері жәрмеңкені үздіксіз айналып өтіп жүреді. Және кейіпкерлердің бірі жылдам жүреді, ал екіншісі ақсақтап, әрең қозғалып келеді. Жазушы кейіпкерлерді ОЛАРға теңейді. Оларды бірнеше сөзбен немесе алфавитте қатар келетін әріптерден басталатын екі сөзбен атаңыз.
11. 23 қыркүйек күні. 1848 жылы 23 қыркүйек күні америкалық Джон Куртис (John Curtis) өз үйінде осы өнімнің алғашқысын өндірді. Оның фабрикасындағы төрт қазанның бірінде қоспа, қалғандарында жеңіл ароматизаторлар қосылған масса дайындалған. Алғашқы өнімдер «Ақ тау», «Қантты кілегей» и «Лулу қызылмиясы» деп аталған. Ал бұл өнімге алғашқы патентті 1869 жылы огайолық дантист алады. (Ал Қазақстанда осымен аттас елді мекен бар). Өнімді атаңыз.

Ойынның фейсбукте тікелей эфирі бар. Негізі, инстаграмда да ойын уақытында эфир болады.
Эфир аудиожазбасын ресми сайттан тыңдауға болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше