Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Топырағынан қазақтың өткен ғасырында талай талант жаралған Баянауылға осы жолғы сапарымыз бір тәулікке ұзарса да, көп-көрім жерді қызықтап қайттық. Павлодардың оңтүстігінде орналасқан, 18,5 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан ауданның 4 ауылына ат басын тіреп, халқымен сұхбат құрдық.

ЖОЛ

Негізі, Баянауылға Павлодар және Екібастұз арқылы екі жолмен жетуге болады. Біріншісінің жолы жақсы – 220 шақырым асфальт төселген. Кей тұстарында кемшіліктері бар, алайда, 2018 жылға дейін Бурабай-Астана ақылы жолындай тегістейміз дейді. Ұшып барасыздар. Айтпақшы, осы жылы облыс әкімі бірнеше рет ұшып барғанға ұқсайды Баянауылға, бірақ, қара халықтың қалтасы көтермейтін дүниелер бар. Билет дегендей.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Ерейментаудан 22.40-та жеттім. Билет құны 1600 теңгенің ар жақ бер жағы, таңдаған класыңызға байланысты ғой. Екібастұздан інім күтіп алды. Сапарластарым – Әсет, Алдияр деген екі інім. Көлік өзіміздікі. Туысқан үйіне қонуға барып, азанмен көлікке міндік.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Екібастұздан Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ауылына бет алдық. Ұзындығы 70 шақырымға созылған жол күтіп тұрды. Екі сағатта жеттік Кесененің басына. Кесененің тұрғызылуына Мәшекеңнің өзі атсалысқан. Дұрысы, тірісінде жерлейтін жерін көрсетіп, асын беріп кеткен, туысқандарын шақырып. Өлетін күнін білген деседі, себебі сол асында «Мен бүгін жетпістің екеуіндемін, мені келіп балталаса да өлмеймін, ал келесі жылы Пайғамбардың өзі келіп қалқаласа да тірі қалмаймын»- деп қоштасу айтқан.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

1931 жылы қайтыс болған атаның мазары 1952 жылға дейін есен-аман ұсталып тұрды. Өлгенінен 20 жыл өткен соң ресми билік мазардың құлатуға бұйрық береді. Мазары қиратылса да, мәйіті бүлінбеген деген де сөз бар ел арасында. Бұл сөздік қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Бірақ, халық айтса, қалпы айтпайды ғой.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

1978 жылы Мәшекеңнің мазары қайта қалпына тұрғызылып, 2006 жылы кесене салынды. Ерлан Арын бастаған халықтың қолдауымен.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Бірден байқаған жоқпын, кейіннен оқыдым, Мәшһүр-Жүсіп өмірден өтер алдында кесененің есігі солтүстікке қарайды, мұсылмандарға салса ол шығысқа қарау керектігін білеміз ғой. Кесененің ішінде 2 бөлме бар: бірі – намаз оқитын жер, екіншісі – Мәшһүрдің жатқан бөлмесі. Кесенеге көтерілу үшін 73 баспалдақпен жүрік өту керек – 73 жылдың белгісі ретінде.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Кесененің айналасында тасқа жазылған ақынның өлеңдері. Кітабын сатып алайын деген ем – еш кәдесый тауарары табылмады. Баянауылдан да таппадық. Өкініштісі сол.
Адамдардың көбі бұл жерге түнеп қайту үшін келеді. 2016 жылы Кесене басында үлкен қонақ үй ашылған. МІші таза демесем, күнеген жоқпын, шай мен қант, сүт бар екен. Одан басқа жолаушыларға арналған 3 бөлмелі үй бар: намаз оқып, түнде ұйықтауға болады. Ресейден, Астанадан, Павлодардан келген туристер қой сойып, ет асып жатты. Біз болсақ көлікке отырып, Жаңажолға бет алдық.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше