Алматы облысы Алакөл ауданы, Ақши ауылында «Алакөл-2017» дуатлон бойынша облыстық жарыстар басталады

2017 жылғы 16 шілдеде, сағат 9.00-де Алматы облысы Алакөл ауданы, Ақши ауылында «Алакөл-2017» дуатлон бойынша облыстық жарыстар басталады.

Іс-шара ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы әкімдігі, сондай-ақ Алматы облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы.
Дуатлон бойынша жарыстар салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ ішкі туризмді дамыту мақсатында өткізіледі.

Жарыстар спорттың екі түрінде өтеді: жүгіру (5 км) және веложарыс (10 км). Дистанцияның жалпы ұзақтығы 15 км. Жарысқа барлық қатысам деушілер шақырылады.

Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі және танымал қазақстандық спортшылар қатысады.

Министр Алматы және Алматы облысының туристік агенттіктерінің өкілдерімен кездесіп, қоғамдық сананы жаңғырту бойынша көкейкесті мәселелерді, Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту сияқты мәселелерді талқыланатын болады.
Бөлісу:

1 пікір