Орта статистикалық азаматтың экономика туралы ойы немесе Қазақстан жасаған қадамдарға деген алаңдаушылық.

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Орта статистикалық азаматтың экономика туралы ойы немесе Қазақстан жасаған қадамдарға деген алаңдаушылық.
Бір-екі күнде төл Теңгеміз тағыда құнын жоғалта бастады. Қарапайым ел азаматы ретінде алаңдау сезімдері туындайтыны сөзсіз. Жалпы сөз қозғайын деп тұрғаным бұл жайлы емес негізі. Осы тектес жаңалықтар тізбегін ашып отырып Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктер арқылы алтын құймалар сатылымға шығарып жатқаны туралы ақпаратқа көзім түсті. Алғашқы ойым шынымды айтайын жақсылықтан хабар бермеді. Экономика саласынан хабарым жоқ болсада неге екенін білмейм бұл әрекет маған қатты ұнамады. Кезінде естігенім оқығандарымды еске түсірігенімде бірнеше ой миыма түсе кетті. Алтын қоры қаншалықты көп болса соншалықты мемлекеттің экономикасы қауқарлы болады, әлемнің ірі мемлекеттері барынша алтын қорын ұлғайтуға тырысып бағуда, АҚШ-тың құдыреттілігі, Доллардың үстемдігі, кәзіргі Қытайдың алпауыт болуы осы алтын қорының көлеміне байланысты деп те есуім бар еді. Бір ойым алтын қоры мен құйма алтындардың сатылуында байланыс жоқ шығар депте ойладым. Дегенмен мемлекет қордағы алтынды сатпағанда басқа қайдағы алтын сатылуы мүмкін. Бұ әрекет түсіндірілген шығар деп бірнеше сайттар мен мақалаларды оқып бағуға тырыстым дегенмен бұл әрекеттің ұтымдылығы немесе тиімділігі жайлы толық түсіндірілген ешқандай ақпарат таппадым өкінішке орай. Тек қалай іске асатындығы немесе ол пайдалы дегені жалпылай жазылыпты. Онсызда екі ойлы болып, мемлекетке деген сенімі азайып жүрген, кез-келген заңға үлкен күмәнмен қарайтын біздің мемлекеттің халқы үшін бұл ақпарат қандай сезім тудырды екен. Ішінде мен секілді алтын қорының ерекше маңызы жайлы оқып алғандар болса тағыда әлеуметтік желілерде айғай шу наразылық болатыны сөзсіз. Мен мемлекеттің бұл әрекеті дұрыс шығар деп ойлаймын, себебі ол жеде білікті мамандар, мықты экономистар отырғаны сөзсіз. Дегенмен басты кемшілік дұрыс түсіндірілуде деп ойлаймын. Дұрыс түсіндіру жұмыстары жүретін болса халық күмәннан айырылып қана қоймай сонымен қоса сол құймаларды сатып алып немесе басқада шаралар арқылы белсене қатысар ма еді. Осындай жағдайда халық сенімі мемлекетке жоғарылар ма еді.

Сенім демекші сенім өте құдыретті ұғым. Халықтың билікке сенімі тұрақты экономика мен әлеуметтік тұрақтылық сияқты мемлекет өркендеуінің басты кепілі екені анық. Дағдарыс уақытындағы халық сенімінің маңыздылығы жайлы бір-екі мысал келтіре кетсем. 1997-1998 жылдардағы Азия елдеріндегі ірі дағдарыс кезіндегі Оңтүстік Корея мемлекетінің халқы көрсеткен сенім күші біраз елге үлгі болуы керек деп ойлаймын. Мемлекет алтын қорын толтыру үшін халыққа өтініш айтқан болатын "Қолдарыңыздағы бар алтын бұйымдарыңызды мемлекетке сатыңыздар" деп артынша Кореяның ақшасы таусылып «Ақшаларыңызды уақытында міндетті түрде қайтарамыз» деген уәде берген болатын. Халық бірден банктер мен ақша айырбастау пунктері алдына ұзақ кезектерге тұрып алтын бұйымдарын тапсыруға ұмтылды, тіпті жұмысына асыққан кейбір Корей азаматтары қолындағы бар бұйымын кезектің алдына қарай лақтырып, ақшаларын алмастан кете берді. Осы әрекеттер нәтижесінде Корея 250 тоннаға жуық алтын жинап алды, кейіннен халыққа қарызын пайыздық үстеммен қайтара алған болатын. Одан кейінгі Кореяның экономикасы өркендеуі тек жақсы бағытта болды. Корей экономистерінің айтуынша дәл сол уақытта халық сенім білдірмегенде Корея экономикасы толық құлдырымға кететін еді. Тағы бір мысал 2015 жылдардағы Биржалық тоқырау сәтінде Германия, Италия және Греция азаматтары Банктерге ағылып ақшаларын талап еткен болатын. Банктегі ақша азайып кетсе не боларын кез келген азамат өте жағсы білуі тиіс, осының алдын алған жоғарыдағы елдер өз азаматтарына екінші деңгейлі Банктер құлдырауға ұшыраса мемлекет ақшаны толықтай қайтарады деп уаде етті, халық сенді және мемлекет бұдан зардап шекпеді.
Менің ойымша халық пен мемлекет арасында сенім әсіресе осындай уақыттарда өте маңызды. Себебі эконоимканың тұрақтылығына халықта мүдделі, себебі өмір сүру сапасы тікелей соған қатысты болып табылады. Осы елдің азаматтары секілді мемлекеттің антикризистік шараларын қолдағын-ақ келеді, әттен біздің билік сенімді емес қой. Қарапайым істеп жатқан «дұрыс» әрекеттерінде түсіндіріп бермейді.
Сонымен достар маған алтын құймаларды сатылымға шығарған қаншалықты тиімді екенің түсіндіріп бере алатын адам табылама. Айтпесе орта статистикалық Қазақстан азаматы үшін бұл өте түсініксіз. Не де болса оңынан болсын дейік басқа не дейміз...
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше