«Ауылым – алтын бесігім» байқауының жеңімпазына автокөлік берілмек

Алматы облысы: «Ауылым – алтын бесігім» байқауының жеңімпазына автокөлік берілмек
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ауылым – алтын бесігім» байқауы туралы облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры мен өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Аталған байқаудың мақсаты облыс көлеміндегі ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың мәдени өрлеуі мен жеткен жетістіктерін таныстыру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, дарынды жеке тұлғалардын есімдерін анықтау және оларды насихаттау, қала мен ауыл мәдениетін теңестіру болып табылады.
«Аталмыш байқау ауыл тұрғындарының жалпы мәдени деңгейін анықтауға, олардың эстетикалық тәрбиесін бағалауға, мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы жарысқа әр ауданнан 2-3 мәдениет үйі қатысады. Ең үздік жеңімпазға автокөлік, екінші, үшінші орындарға музыкалық аппаратура сыйға беріледі. Бұл дегеніміз ауылдық мәдениет клубтарының өсіп өркендеуіне көмекші береді деген ойдамыз », — деді Алматы облысының халық шығармашылығы орталығының директоры Ермек Әбілқасымұлы.

Байқауға қатысты бірнеше номинациялардың бары айтылды. Ол шалғай жатқан ауылдар мен елді-мекедерден жаңа дарынды таланттарды іздеп тауып, үлкен сахнаға алып шығуға бағытталған. Олар: «Үздік ауылдық өнер ұжымы», «Үздік үйірме жетекшісі», «Үздік ауылдық мәдениет үйінің әдіскері» және тағы басқа.

Байқау ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап 19 шілдеге дейін өткізіледі.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Бөлісу:

1 пікір