"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 20 мамыр 2017 эфирінде қойылған сұрақтар
Сергіту сұрағы: Орта ғасырдағы Еуропада ОЛАРды обаның себепкері деп санаған: ОЛАр – ібілістің малайлары және адамдарға жұқтырады екен-мыс. Соның салдарынан ОЛАРды жаппай қырып-жою басталды – жанама түрде бұл эпидемияның одан сайын таралуына алып келді. ОЛАРды атаңыз
- «Маломар» шоколад бисквиттерін өндіру сәуір мен қыркүйек арасында тоқтайды. Соған орай, бір кекеткен мақалада «Компания басшылығы әлі күнге ОЛ жайлы білмейді» деген пікір айтылады. Микробиологтар ОНЫҢ пәтердегі ең лас орын екенін анықтады. ОНЫ атаңыз.
- 1992 жылғы Барселонадағы жазғы Олимпиадаға орай шығарылған монеталар сериясында Х бейнеленген тиын бар. Әйгілі аудармашы Гнедич «Илиададағы» Ахиллге тиесілі Х-тердің біріне кәдімгідей Пелиас атты жалқы есім қояды. Х-ті атаңыз.
- Әртүрлі елде ОНЫ алма деп атаған. Францияда – махаббат алмасы, Германияда – жұмақ алмасы. Италияда — алтын алма. Ацтектер ОНЫ «Ірі жидек» деп атаған, ботаника тұрғысынан — бұл, әрине, дұрыстау. ОНЫ атаңыз.
- Армян жұмбағын шешіңіз:
Қара таудан құлайды қара шылбыр. - Жуырда әйгілі бұзық музыкант Оззи Осборн фотоға түсіп тұрған бірнеше адамды шошытып жіберді. Бұл оқиғаның қай жерде болғанын мейлінше дәл атап көріңіз.
- 1983 жылғы «Әскери ойындар» атты фильмде компьютер жаһандық термоядролық соғыстағы ең жетік стратегияны есептеп табуға тырысады. Және егер екі мықты қарсылас қатысатын болса, ешбір жағдайда мұндай соғыста жеңімпаз болмайды деп қорытынды жасайды. Сөйте тұра мұның бәрі бір қарапайым ойынмен салыстырылады. Бұл ойынды атаңыз.
- «Орыс ньюсуигі» басылымының корреспонденті Орхан Жамал Сомалиде жүргенде түрмеге тап болады. Корреспонденттің жазуынша, оны камераға орналастырғаннан кейін, түрме қызметкері кілемше әкеліп береді де, журналистке ОНЫҢ қайда екенін айтады. ОНЫ атаңыз.
- Мартин Стрел әлемнің ең үлкен өзендерінен жүзіп өтуімен мәлім. Америка құрлығындағы өзендердің бірін малтып өту кезінде қауіпсіздік мақсатында жүзгіштен бірнеше метр қашықтықта шелек-шелек Х төгіп отырған. Х-ті біртүбірлі сөзбен атаңыз.
- «Егемен Қазақстан» республикалық газеті сайтының тіл ауыстыру параметрі 4 бөліктен тұрады. Ол – қазақ және орыс тілдері, және олардан бөлек ағылшын не түрік сияқты өзге тіл жоқ. Бірақ қалған екі параметрді атаңыз.
- 1906 жылы жазушы Какузу Окакура былай деп жазады: «Этикетті үйрену әуелі веерді дұрыс ұстаудан басталады, сосын адаммен көшеде қалай амандасу керегін, үй қожайынына қонақты қалайша қарсы алуды меңгересің, содан кейін дастарқан басында қалай отыруды үйренесің». Ал немен аяқталады?
- Біреулер оның авторы Гвай мен Галковский, немесе Лангемактың командасы дейді. Біреулер оның авторы Блантер мен Исаковский дейді. Алайда, алғашқылары – өнертапқыш инженер ғалымдар болса, соңғы екеуі – композитор мен ақын. Оны жалқы есіммен атаңыз.
Пікір жоқ әзірше