Шымкентте бүйрек күнін атап өтті

Блог - BirzhanMurat: Шымкентте бүйрек күнін атап өтті
2016 жыл 15 желтоқсан күні ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен Еуразиялық келісім қоры ерікті түрде адам ағзаларын қондыру (транспланттау) туралы ақпараттық науқан өткізді. Науқанның ашылу салтанаты аль-Фараби алаңында Дүниежүзілік бүйрек күнін атап өтетін қайырымдылық концертпен басталды. Шара барысында Шымкент қаласының өнерлі жастары әр түрлі стильдегі билерді билеп, әншілері әуендетті. Алаңда орналасқан сауда орталығы келушілеріне адам ағзасы донорлығы туралы ақпараттық-танымдық мəліметтер таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бір сағатқа созылған қайырымдылық концерт соңы әуеге жүрек қызыл түсті шарларды бір мезетте жіберу флеш мобымен аяқталды.

Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы донорлықты, соның ішінде бүйрек донорлығы үшін донорлардың жетіспеушілігін насихаттау мен оны дамыту қажеттілігіне қоғамның көзін жеткізу. Донорлық көмек көрсету ісіне халықты жұмылдыру.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше