Донорлыққа шақырған концерт өтті

Блог - BirzhanMurat: Донорлыққа шақырған концерт өтті
«Донор бол! Өмір сүруге мүмкіндік сыйла!» — атты ұранды айқайлап халыққа жеткізген студент жастар 15 желтоқсан күні концерттік бағдарламаларын қойды. Концерт барысында Жайдарман жұлдыздары ойын ойнатып, университеттің өнерлі студенттері ән шырқап, би биледі.
Жастардың өнерін тамашалауға дәрігерлер, ОҚО Жастар орталығының өкілі, үкіметтік емес ұйым мүшелері қонақ боп келді.
Қазақстан медицинасында органды транспланттау ісі басталғанына 30-дан аса жыл өтті. Республикалық трансплантациялық үйлестіру орталығы 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстанда мұндай операцияларды алты клиника жасайды. Трансплантация көбінесе қан, жұлын, бауыр, жүрек, бүйрек ауруына шалдыққан жандарға қажет. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы көрсеткендей, қайтыс болған бір адамның органдары кезек күткен бес-алты науқастың өмірін құтқаруы мүмкін. Мемлекет мұндай операция жасауға квота бөлгенімен, қиындық донорлық органдардың тапшылығына келіп тіреледі. Қазақстанда жеті мыңға жуық адамның органын ауыстырып салу қажет.
Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы донорлықтың пайдасы мен оны дамыту қажеттілігіне қоғамның көзін жеткізу. Донорлық көмек көрсету ісіне халықты жұмылдыру.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше