StartUp: А-дан Я-ға дейін

Блог - BirzhanMurat: StartUp: А-дан Я-ға дейін
Тың идея. Жаңа жоба. Болашақ үлкен компания. Бұның барлығы “StartUp” ұғымына тиесілі. StartUp — инновациялық жаңа идеяға негізделіп бизнес құруды көздеген жаңа компания. Немесе оны инновациялармен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған қозғалыс десек те болады. Бұл ұғым күннен – күнге әлемді айнала кезіп, заман ағымына ілесуге шақырады. Бүгінде “StartUp”-тың не екенін түсіндіріп, бизнесті бастап, әрмен қарай қалай дамыту керек екендігі жайлы түрлі кеңестер, нұсқаулар ұсынатын шеберлік сыныптары бар.
Блог - BirzhanMurat: StartUp: А-дан Я-ға дейін
Осындай шеберлік сыныптарының бірін – «StartUp: А-дан Я-ға дейін» — «Жастар Отанға» жастар лагері жобасы аясында ОҚО «Кәсіпкерлік метебінің» тренері Есжанов Азиз өткізді. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған дарынды жастар оған белсене қатысты. Бұл шеберлік сыныбы жаңа технологияларды игеруге шақырып, бәсекеге қабілетті болуға бағыттады.
Тренинг барысында жас буын стартап жобаларына арналған стартапты қаржыландыру, оның қалыптасуы мен дамуы, қолдау бағдарламалары мен тәсілдері сияқты пайдалы ақпараттармен өз білімін толықтырды. Сондай-ақ, студенттер тренингте алған ақпараттарыныңнеізінде бизнес жоспар жасап, жаңа стартап жобасын ұсынып, таныстырды.
Тренинг жүргізушінің жас кәсіпкер болуы, әрі оның осы салада қиындықтарды бастан кешіріп, қайта аяққа тұруы жастарға ерекше жігер сыйлағаны сөзсіз. Мұны аталмыш шеберлік сыныбының басты артықшылығы ретінде көрсетуге болады.
Кез келген істе жетістікке жетуде ұстанатын қағида – ерінбей еңбек ету және өзіне деген сенімділікті жоғалтпау. Бизнесте де осы ереженің сақталатынына шеберлік сыныпқа қатысушы жастарымыздың көздері жетті.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше