Сейілда Байшақов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды
28 қарашада Астанада Қазақстан футбол федерациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясы өтті. Күн тәртібінде ҚФФ президентін сайлау мәселесі көтерілді. Конференцияның жұмысына федерация мүшелері және Атқарушы комитеттің мүшелері, ҚФФ аппараты, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара шеңберінде делегаттар Сейілда Байшақовтың кандидатурасы үшін дауыс берді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша Сейілда Байшақов 2020 жылдың 28 қарашасына дейінгі мерзімге Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.
Федерацияның жаңадан сайланған президенті Сейілдә Байшақов ҚФФ конференциясына қатысушыларға өзіне көрсетілген зор сенім мен қолдау үшін алғыс айтты.
«Сіздердің сенімдеріңіз бен жоғары бағаларыңызды шын жүректен бағалаймын. Өз тарапымнен, елімізде футболдың жан-жақты дамуына бар күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін», – деп атап көрсетті Сейілда Байшақов.
Пікір жоқ әзірше