Астанада "Жайдарлы Жасұлан" республикалық сайысы жалғасын тапты

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жайдарлы Жасұлан» сайысы биыл да өз жалғасын тапты. 22 қазан күні Астанадағы "Қазмедиа" концерт-залында өткен ойында еліміздің барлық аймағынан келген жеткіншектер өзара бақ сынасты. 

Бұл сайысқа Астана, Алматы қалалары және облыстардағы мектепаралық сайыстардың жеңімпаздары және «Маусымашар» фестивалі қорытындысы бойынша телевизиялық жобаларға жолдама алған командалар келіп қатысқан болатын.

Барлығы 20 команда қатысқан ойында алматылық «Тәтті құрама» жеңімпаз атанды. Өздерінің өткір ойлары мен тәтті қалжыңдарымен көпшілікті тәнті еткен алматылықтар бір ауыздан үздік деп танылды.

«Жайдарлы Жасұлан-2016» жеңімпазы — «Тәтті» құрамасы «Жайдарлы Жасұлан-2016» жеңімпазы — «Тәтті» құрамасы

Ал ІІ орынды  қостанайлық «Көшіп келгендер» тобы тобы иеленсе, ақтөбелік «Осал емес» командасы өздерінің осал емесін дәлелдеп жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады.

Жас жеткіншектердің өнерін бағалаған қазылар алқасы құрамында: "Қазақстан Халқы Ассамблеясы" қоғамдық қорының директоры – Құрманбек Жұмағали, «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер және балалар ұйымының төрағасының орынбасары – Александр Тен, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы –Қасымхан Сенғазыев, ҚР Білім әне ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары – Ернат Мұхамадиев және ардагер жайдарманшы – Алдан Жылгелді секілді танымал тұлғалар болды.

ІІ орын иегері - "Көшіп келгендер", Қостанай ІІ орын иегері — «Көшіп келгендер», Қостанай

ІІІ орын иегері - "Осал емес" тобы, Ақтөбе ІІІ орын иегері — «Осал емес» тобы, Ақтөбе
Айта кетейік, «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысы "Қазақстан КВН Одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөсіпірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде өткізіліп келеді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше