ШАЙҚАСТЫ ЖЕҢІЛГЕНІМЕН СОҒЫСТЫ ЖЕҢЕДІ

Блог - AbilmansurKamzaev: ШАЙҚАСТЫ ЖЕҢІЛГЕНІМЕН СОҒЫСТЫ ЖЕҢЕДІ
Ағылшын премьер лигасының төртінші туры аясында қос Манчестерлік клуб кездескен болатын. Бұл кездесу дербиден бөлек Моуриньо мен Гвардиола текетіресінің жаңа кезеңі. Жаңа маусымда дерби Гвардиоланың пайдасына аяқталды. Алайда бұл тек маусымның басы болғандықтан, чемпиондық атақ туралы ойлауға әлі ерте.
Ойын қонақтардың басымдығымен басталды. Кездесуді он бесінші минутында қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған Кевин Де Брейне есепті ашты. Қонақтар гол соққаннан кейін тоқтап қалмай, шабуылдарын үдете түсті. Соның нәтижесінде қақпа алдындағы қарбаласты 20 жасар Келечи Ихеаначо пайдаланып, есепті 2:0 ге жеткізді. Бірінші тайм аяқталуға үш минут қалғанда Златан Ибрагимович есеп айырмасын қысқартты. Екінші тайм барысында есеп өзгеріссіз қалды.
Осылайша, Англияда басталған алғашқы кездесу испаниялықтың пайдасына шешілді. Моуриньо шайқаста жеңілгенімен соғысты жеңуге барын салатыны айдан анық.
Бөлісу:

1 пікір