СПОРТТА НЕШЕ ЖАСҚА КЕЛГЕНІҢ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС, БАСТЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН СЕНІМ!
Бүкіл әлем көз тіккен Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін кезек параолимпиада ойындарында. Ғаламшарымыздың түкпір-түпкірінен жиналатын ойындар- мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін. Алайда, олардың тек мүмкіндіктері шектеулі деген аты ғана екеніне тарих куә. Шын мәнінде он екі мүшесі сау спортшылармен бәсекеге түсе алатынын сан мәрте дәлелдеген. Тағдыр тауқыметіне түссе де мойымаған жандарға қарап сүйсінесің!
Еліміз тәуелсіздік алғалы параолимпиадашылармыз төрт жылдықтың басты бәсекесінде бірде бір медаль олжалай алмай келген. 20 жыл күткен сәт келді. Сүйінші ағайын! бүгін Жүзу спорты бойынша 100 метрге еркін жүзу әдісінде Зульфия Габидуллина Қазақ елі үшін алғашқы жүлдемізді қоржынға салып отыр. Жүлде болғанда қандай десеңші шіркін! АЛТЫН. 49 жасар Жамбыл спортшысы тек чемпион атанып қоймай, әлем рекордын жаңартты. 6 жасында жол апатына ұшыраған Зульфия өмір бойына мүгедектен арбасына таңылған. Бірақ нағыз мінез танытып, тынбай еткен еңбегінің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, алты дүркін әлем чемпионы, көптеген әлем рекодтарының иегері, 2014 жылғы Азия Пара ойындарының жеңімпазы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, кез- келген спортшы мансбындағы басты бәсеке ПараОлимпиада жеңімпазы атанып отыр. Өзінің айтуы бойынша: «Кішкентай күнімнен барлық жерде өзімді көрсетуге тырысатынмын, тағдырдың жазғанына көндігіп, спортқа өмірімді арнауды жөн көрдім. Біраз уақыттан соң нәтижелер де келе бастады. ТЕК АЛҒА! деген өмірлік ұстаныммен өзімді қамшылаған кездерім де болды» дейді Тараз қаласының тұрғыны.
Зульфия Габидуллинаның бұл жеңісі еліміздегі барлық мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін серпіліс болатыны сөзсіз.
Пікір жоқ әзірше