Көкше жеріндегі көрікті мекендерге саяхат немесе саяхаттауды ұнататын бойжеткеннің күнделігінен үзік сыр
өте пәк,өте кербез сұлу Көкше…
Иә,Қазақстанның қай аймағын алсақ та, ауыз толтырып айтуға тұрарлық мекендер көп. Біреуі табиғатымен ерекшеленсе, енді біреуі зәулім ғимараттары,әдемі қалаларымен мақтана алады. Ал, біз сұлу Көкшенің әрбір орманымен, табиғатымен мақтана аламыз.
Өзім осы Көкшеге жақын тұрсам да жақын аудандарын, ауылдарын һәм тауларына шығып көрмеппін. Және ең үлкен қателігім де сол секілді. Неге десеңіз, колледжіміздің директоры Ахат Нұртас Ахатұлымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аймағына табиғатқа саяхатқа шыққанда түсіндім.(Негізі Көкшетауға Ақмола облысының солтүстігі мен Солтүстік Қазақстанның кейбір аудандары шектесіп жатыр) Керемет табиғаты, жартастардың биігіне шыққандағы бес жағыңда бес көл қоршаған, ормандары мен таулары ерекше таңдандырады. Нағыз жазғы демалысты армансыз өткізуге тұрарлық мекен!-деп ауыз толтырып айтуға болады екен. Біреу білсе, біреу білмес Көкшетауда шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан.Осылардың ішіндегі біз барған Сырымбет, Айыртау жерлері. Айыртау ауданындағы Шалқар демалыс орынындағы саяхат естен кетпестей өтті. Ақан сері бабамыз жатқан мазарға барып құран бағыштап, кейін Айыртау, Имантау, Сандықтау, Бұқпа, Зеренді таулары мен Шалқар секілді көлдерді бір сәтке көзімізбен көріп қайттық. Оған дәлел төмендегі суреттер.
Сырымбетке жол тартқанымыздың себебі, ол жерде белгілі этнограф-ғалым Шоқан Уалихановтың туып-өскен жер, әжесі Айғаным жатқан жерлерге барып,өлкемен танысып қайту. Шоқанның оқыған мектебі, үйі, мешіті, сайманханасы, моншасына дейін, Сырымбет ауданындағы Шоқан Уалихановқа арналған мұражайыі секілді тың дүниелермен танысып, көріп, біліп қайттық. Сонымен қатар Ағынтай мен Қарасай батырлардың кесенесіне барып,құран оқып, тамашалап қайтқан жайымыз бар.
Қысқа алғанда осы сапарымызда көп дүниелерге қанығып, сусындадық. Қазақстанның әрбір азаматына осы жерлерге барып, көзбен көріп қолмен ұстап қайтуға кеңес беремін)))) (суреттер салайын десем фото форматы келмей, жүктелмей тұр, кешірім сұраймын)
#Көкшетау #Сырымбет #Айыртау
Пікір жоқ әзірше