Astana Wolves - Американдық футболдың астаналық қасқырлары

АҚШ-та кеңінен тараған спорт түрлерінің бірі елімізде аса танымал болмағанымен, оған әуес жандардың күшімен дамытылып келеді. Astana Wolves әуесқойлар командасы өзінің алғашқы жаттығуларын екі жыл бұрын бастаған болатын. Бүгінгі таңда «қасқырлар» командасына 40-50 адам мүше. Олар аталған спорт түріне аса құмар. 18 маусымда Орталық Азия лигасы аясында футболшылар Бішкектің «Барыстар» командасымен күш сынасады.

Астана жаңалықтары: Astana Wolves - Американдық футболдың астаналық қасқырлары

Американдық футбол командасын Денис Казимиренко мен Ассет Айнабеков құрған. Оны жасақтау идеясын олар көптен бері ойлап жүріп, осы спорт түріне әуес жандармен бірге іске асыра алды.

– Бір жолы досымның үйінде спутниктік каналдан ойынды көріп, ұнатып қалдым, бұл серпінді, күшті, ердің мінезін ашатын ойын. Қазіргі кезде Астанада, содан кейін Қазақстанда федерация құрудың жолдарын іздестіріп жатырмыз. Әрине, бұл үшін түрлі өңірлерден бірнеше команда қажет. Әзірге, олардың саны өте аз. Басқа өңірлерде командаларды дамытуға белсенді түрде қатысамыз, жолдастық кездесулер өткіземіз, біз толыққанды лига құруға мүдделіміз,- дейді Денис.

Астана жаңалықтары: Astana Wolves - Американдық футболдың астаналық қасқырлары

Спортшылар Назарбаев университетінің алаңында дайындалады. Бірыңғай жаттығу жоспары әзірленді, балалар сол бойынша жұмыс істейді. Оларға тәжірибелі ойыншылар мен жарақат алып, жаттығуға қатыса алмайтындар да көмектеседі. Команда құрамына 16-дан 36 жасқа дейінгі футболшылар кіреді. Дене бітіміне қарамастан, кез келген адамға белгілі бір позиция беріледі, бұл спорт түріне бәрі де қатыса алады.

Астана жаңалықтары: Astana Wolves - Американдық футболдың астаналық қасқырлары

– Мен раннинбек позициясында ойнаймын – бұл доппен жүгіретін ойыншы, – американдық футболдағы басты позициялардың бірі. Ал ойынның өзіне жақында ғана қосылдым. Бір жыл деген көп емес, дегенмен осы уақыттың ішінде команда жинап, жақсы адамдармен, әрқашан да көмекке келуге дайын достарыммен таныстым. Американдық футбол – қауіпті, түйіспелі спорт түрі. Онда командалық рух бар, кейбір спорт түрлеріне сол жетіспей тұрады, – дейді Astana Wolves командасының ойыншысы Алексей Михасев.

Астана жаңалықтары: Astana Wolves - Американдық футболдың астаналық қасқырлары

Тәжірибелі ойыншылардың бірі Бақыт Жазықбековтың айтуынша, бір қарағанда ойында көп жарақат алуға болатын сияқты, бірақ бұл тәжірибесіздіктен орын алады. Бастысы, техникалық айла-тәсілдерді меңгеру, дұрыс құлай білу және соққы жасағанда өз-өзіңді ұстана білу керек, киімді де тура өлшем бойынша кию қажет.

– Бастапқы кезде жаттығуға қатысқанда бір түрлі көрінетін, адамдар бірін бірі итерісіп жүреді. Сыныптасым біраз уақыт шұғылданып, кейін мені де шақырды. Мен барғаныма өкінбеймін. Ойынға деген қызығушылығым артты. Мен жұмыс істеймін, ал мұнда командамен бірге уақытымды өткізу үшін келемін, жастарға үйретемін, демаламын, — дейді ол.

Астана жаңалықтары: Astana Wolves - Американдық футболдың астаналық қасқырлары

Футболшылар үлкен мақсатты көздеп отыр – алдағы уақытта маңызды ойын өтеді. Матч Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда ұйымдастырылады және бұл қайырымдылық шара болмақ. Жиналған қаржы мүгедектігі бар талантты адамдарды Болгарияға халықаралық конкурсқа жіберуге бағытталады. Кіру билетінің құны – 200 теңге.

Сонымен қатар, жақында елордада флаг-футболдан әйелдер құрамасы құрылды. Американдық футболға қарағанда бұл түйіспелі емес спорт түрі. Қыздар беліне жалаушалар байлап алып ойнайды, ал ойынды тоқтатпас үшін қарсыласыңның жалаушасын тартып алу керек.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

1 пікір