Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым еліміз үшін ерекше күн, 24 жыл бұрын тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жарты жыл өткен соң егеменді Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні – халықты бірлікке шақырып, патриоттық рухты оятатын мереке.

Мемлекеттік рәміздерді әзірлеу және бекіту барысында оның рәсімделуі мен мазмұнына баса назар аударылды. Бұл үрдіс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Барша қазақстандықтарды атаулы мерекемен республикалық елтаңбаны жасаушы Жандарбек Мәлібеков құттықтайды. Автор ұлттық рәмізді әзірлеу барысы мен оның әрбір бөлшегінің халық үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков:

– Еліміздің қандай ерекшелігі бар деген кезде қазақ халқы өзінің бірінші реттен кеңпейлідлігімен, адамгершілігімен, өзінің тарихымен, мәдениетімен, қонақжайлылығымен, көп үрдісті, көп татулықты жақсы көретін халық. Соны білдіру үшін қазақ халқымен бірге мыңдаған жылдар бойы жасап келе жатқан біздің киіз үйіміздің тұлғасы анық. Қазақ халқының мәдениетін де, дәстүрін де, философиясын да, дүниетанымын да қалыптастырған киіз үй болғандықтан елтаңбамыздың негізгі арқауы ретінде киіз үй алынды. Қазақта шаңырағың биік, керегең кең болсын, босағаң берік болсын дейді. Үш ұғым мәселе шын мәнінде қазақ халқының ертеден келе жатқан керемет ұғым. Сондықтан бірінші киіз үй алынды, — дейді Ж. Мәлібеков.

Астана жаңалықтары: Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков:

– Мен қазақ халқының ертеден келе жатқан, 2,5 мың жыл бұрын болған біздің «Алтын адамымыздың» бейнесіндегі жан-жануарлар бейнесін алып, оған қанат бітіріп, оған күш беретін тұлпарлар, сақиналары бар заттар көрініс тапты, бұл ғұн дәуірінен келе жатқан ұғым. Осының бәрі біздің елтаңбамыздан тарих болып көрініп жатады.

Биылдан бастап елтаңбаны жасау ережелері заң жүзінде бекітілді. Елтаңбаның бейнесі қалады, бірақ оны жасау жолдары өзгереді.

Қазақстанда мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын ескере отырып, оларды жасау және пайдалану бойынша бекітілген ережелердің сақталуына ерекше назар аударылады. Бұл сала «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңмен реттеледі.

ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков:

– Елтаңбаны оқитын болсақ, қазіргі заманның жастары, аталар аманаты, тәуелсіздік кезінде оны қалай дамытамыз деп ойлайды. Менің айтарым, Қазақстанда жаңадан этномәдени институттар қабылданды, мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы. Біз Қазақстан, ұлт болып қалыптастық, сондықтан оның шаңырағы бір, керегесі кең, босағасы берік, тыныштық сүйетін, біртұтас ел болып қалыптастық. Бұл тарихи кезеңдер еш уақытта ұмытылмауы керек. Жастарға, елімізге нышандарымызды тұмар есебінде қадір-қасиет тұтып, қадіріне жетуіміз керек деп ойлаймын, — дейді Жандарбек Мәлібеков.

Мемлекеттік рәміздер күнін бекітудің негізгі идеясы қазақстандық патриотизмді және ұлттық бірлікті нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау болып табылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше