Астанада Еуропа киносының фестивалі басталды

«Еуропа күні» аясында Астанада Еуропа киносының фестивалі басталды. 16 мамыр мен 19 мамыр аралығында Еуроодаққа мүше-мемлекеттердің 15 үздік туындысы елорда тұрғындарының назарына ұсынылады.

Австрия, Ұлыбритания, Испания, Венгрия, Чехия, Германия, Словакия, Латвия, Болгария, Португалия, Польша, Швеция, Грузия және де Нидерланды мен Эстонияның үздік туындылары арасында «Оскар-2016» жүлдесінің лауреаты атанған «Эми» фильмі, «Үздік режиссура» үшін 2015 жылы Варшава кинофестивалінде жеңімпаз болған Эстония мен Грузияның бірлесе түсірген «Мандарины» әскери драмасы сияқты салмағы ауыр кинолар бар.

Астана жаңалықтары: Астанада Еуропа киносының фестивалі басталды

Ал, Астанадағы Еуропа киносының фестивалі «Мысықтардың басы айналмайды» атты Португалия елінің кинокомедиясымен ашылды. Бұл фильм 2014 жылы Португалияның ұлттық кинопрокатында көш бастап, көптеген халықаралық фестивальдерге ұсынылған екен.

Қазақстан Республикасындағы Еуроодақ өкілдігінің басшысы Траян Хистеаның айтуынша, еуропаның киносы Қазақстанда мол сұранысқа ие және бұл фестивальге Еуропа елдері тек үздік туындыларын ұсынған.

«Жалпы, фестиваль аясында Қазақстанның үлкен экранына шығарамыз деген кинолар мықтап іріктелді. Басты талап, кино — Еуроодақ құрамындағы елдердің көрермендеріне танымал, рейтингісі жоғары, сюжеті сапалы болу керек. Фестивальге әртүрлі жанрды, түрлі аудиторияға арналған кинолар таңдалды», — дейді елші.

Фестиваль шымылдығын Чехия Республикасы түсірген «Жолы болғыш бейбақ» киносы жабатын болады. Жалпы, кинолардың барлығы орыс тілінде көрсетілейін деп отыр және бұл фестиваль Астана, Алматы, Шымкент қалаларын қамтиды. Естеріңізге саламыз, фестиваль аясында кино тегін көрсетіледі, сондықтан қалыспай,
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше