ҚазАТУ дың үздік түлегі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік грантын жеңіп алды

Бұл туралы оқу орнының Стратегиялық жоспарлау, ғылым, xалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры С.В.Могильный Қытайдағы Шыңжаң аграрлық университетіндегі әріптестерімен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындар бір-бірімен ынтымақтаса тәжірибе алмаса жұмыс істеуі керек. Бұл кездесу мақсаты да осыны көздейді. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 9 мен 18 мамыр аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің 15 үздік студенті мен оқытушы-профессорлары Қытай елшілігінің грантымен аспан асты елінде тәжірибе алмасу мақсатында іс сапарда жүр. Былтырғы жылдың қазан айында Қытай мемлекетінің ғылым және теxника вице-министрі Цау Джянлин мен Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй ҚазАТУ ректоры, профессор А. Күрішбаевпен кездесуінде бұл грантты бөлу жөнінде мәлімдеген болатын. Іс-сапардың алғашқы күні университет студенттері Үрімші ауыл шаруашылық университетінің ветеринария факультетінің зертxанасында болып, оқытушы-профессорлардың ғылыми жаңалықтарымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Келесі күні, ҚХР дағы ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқаратын Синь Янь ауыл және орман шаруашылығы университетінің басшылығымен кездесіп, екі жақты келісім шартқа отырып, меморандумға қол қойды. Келісім бойынша тараптар алдағы уақытта, ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастық байланысын жаңа деңгейге көтермек. Үрімші қаласындағы Шың Жаң ауыл шаруашылық университетіне Қытайдың ғылым және теxника министрлігі ветеринария саласы бойынша бір, жем-шөп әзірлеу саласы бойынша тағы бір грант бөлді. Тағы бір қуанышты жаңалық, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы (Сиань қаласы, Шэньси провинциясы) Университетінің жариялаған байқауына қатысқан университеттің үздік түлегі Жасұлан Қадырбаев докторантураға түсіп, Қытайдың мемлекеттік грантын жеңіп алды. Кездесу барысында делегаттарды бастап барған С. В.Могильный Университеттің бүгіні мен келешектегі ғылыми әлеуеті туралы баяндама жасады. Екі елдің студенттері де, тәжірибе алаңында болып, алдағы бірлескен жоспарлары туралы өзара келісті. Дерек көзі: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университеті баспасөз орталығының директоры Б. Иманғалиев. Тел: 8701 106 35 25 Астана-Үрімші-СианьБлог - Nureke01: ҚазАТУ дың үздік түлегі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік грантын жеңіп алдыБлог - Nureke01: ҚазАТУ дың үздік түлегі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік грантын жеңіп алды
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше