Бокс әлемінің жарық жұлдызы!

Блог - ZakenovDaniyar: Бокс әлемінің жарық жұлдызы!Бүгінгі пост өткен посттарға қарағанда өзгешелеу болмақ… Өзінің техникасымен ерекшеленіп жүрген боксшы жайлы. Василий Ломаченко 1988 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Украинаның кәсіпқой-боксшысы. Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы ( Бейжің-2008, Лондон-2012), екі дүркін әлем чемпионы (Милан-2009, Баку-2011), Еуропа чемпионы (Ливерпуль-2008), Вэл Баркер кубогінің иегері. Әуесқой бокста 397 кездесу өткізіп оның біреуінде ғана Чикаго-2007 әлем чемпионатында, ресей боксшысы Альберт Селимовтан ұтылған әділетсіз жекпе-жек). Бірақ сол Альберт Селимовпен Бейжің-2008 Олимпиада ойындарында кездесіп тас-талқан етіп жеңеді. Жеке бапкері-өзінің әкесі Анатолий Ломаченко. Менің ойымша әкесі өте ақылды адам, Василий бокспен айналысып жүрген шағында, оны биге қатыстырған. «Себебі, би- аяқта көп қимылдауға және денені икемділікке үйретеді»- деген Анатолий Ломаченко. Керемет ойлап тапқан. 2013 жылы 26 шілдеде әйгілі промоутер Боб Арумның «Top Rank» компаниясымен келісімшартқа отырды. Кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін мексикандық Хосе Рамиреспен (25-3) жұдырықтасып, жеңген болатын. Василий чемпиондық атаққа екінші кездесуінде шығатын болды, оның қарсыласы мексикандық 33 жасар Орландо Салидо (60-43-13-3) болды. Егер де Вася осы кездесуде жеңіске жеткенде ең қысқа мерзімде чемпиондық атаққа қол жеткізген бокс тарихында бірінші боксшы атанар еді, бірақ өкінішке орай тағы да төрешілер тарапынан әділетсіздік болып, ұтылып қалды. Ломаченко өзінің чемпиондық атағын көп ұзамай үшінші кездесуінде американдық Гэри Расселмен (28-27-1) өткізіп WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. 2014 жылы 24 қарашада Василий тайлық Чонлатар Пирияпиньоға (52-1) қарсы өзінің алғашқы белбеу қорғау кездесуін өткізіп жеңіске жеткен болатын. 2015 жылы 2 мамырда (Мейвезер-Пакьяо кездесуі, естеріңізде болса) Лома пуэрторикалық Гамальера Родригесті (25-5) 9-раундта нокаутқа түсірген. 2015 жылы 7 қарашада мексикандық Ромуло Коасичпен (25-4) кездесіп 10-раундта мерзімінен бұрын аяқтаған. Келесі жекпе-жегі осы жылдың 11 маусымында пуэрторикалық Роман Мартинеспен (29-2-3) болмақ. Василий ақылды, айлакер және өте еңбекқор боксшы. Сол еңбегінің арқасында қазір мықтылар сапында… Сенесіздер ме?! Василий әр жекпе-жектің алдында 9 шақырымдық өзенді жүзіп өтеді екен… Бокстың тірі аңызы Майк Тайсон «ақ адамдар Ломаченко сияқты бокстаса алмайды»-деген. Сол сөзінің жаны бар… ЛОМАЧЕНКО-МЫҚТЫ!!! www.youtube.com/watch?v=xymGH9COHZI-Альберт Селимов (Чикаго-2007) www.youtube.com/watch?v=jH5SXgvyB_s (ең үздік сәттері) www.youtube.com/watch?v=8HSn3mZmADc (Ломаченко туралы деректі фильм)
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше