Астана жол полициялары POS-терминалдармен жабдықталды

Кез келген жүргізуші ұсақ құқық бұзушылық жасауы мүмкін. Бірақ кейде айыппұл төлеуге қолма-қол ақша болмай қалатын кездер болады. Ал айыппұлды дер кезінде төлемеу, оның кейіннен ұмытылып, өсіміне әкелетін жағдайлар сирек емес. Енді Астаналық жүргізушілер айыппұлды POS-терминал арқылы төлей алады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Елордада әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған жылжымалы POS-терминалдар таныстырылды. Аталған жүйе барлық банктік карталарды қабылдайды.

Астана жаңалықтары: Астана жол полициялары  POS-терминалдармен жабдықталды

— Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері оқудан өтті және қазірдің өзінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сол жерде айыппұл төлеу үшін 30 POS-терминал пайдалануда. Бұл пилоттық жоба тек Астанада ғана қолға алынған, — деді Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы автоматтандыру және электрондық қызметтер бөлімінің басшысы Нұржан Әділов.

Алғашқы жеті күннің ішінде сол жерде айыппұл төлейтін жүргізушіге 50% жеңілдік жасалады. Терминал арқылы төлегені үшін комиссия мөлшері айыппұл сомасының 1,5% құрайды. Егер айыппұл мөлшері 5,250 теңге болса, 79 теңге комиссия алынады.

POS-терминалдар сырттай сенсорлы телефондарға ұқсайды. Оларды пайдалану оңай – хаттаманың номері мен айыппұл мөлшерін енгізу керек, ал басып шығарған кезде комиссия мөлшері көрсетіледі. Терминалдарды зарядтаудың қажеті жоқ, күн соңында олар нәтижелерді санайды, сондай-ақ, қанша чек лентасы қалғаны туралы алдын ала ескертеді.

Дегенмен, өмірді жеңілдететін бұл ноу-хауды пайдалану бақытын сіз бен бізге бұйырмасын деп тілейміз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше