«Қазақстан» Ұлттық арнасы ардагерлерді ардақтауға бағытталған акциялар ұйымдастырады
Биыл да телеарна өз көрермендеріне майдангерлер мен тыл ардагерлерінің өмірі, ерліктері мен есіл еңбектері турасында айтылған сырға толы бағдарламалар тізбегін ұсынбақ.
Сондай-ақ, «Ер есімі – ел есінде» деген ұранмен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Екінші дүниежүзілік соғыста майдан даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жаңа тізімін жариялауды жалғастырады.
Қазіргі таңда ұзын саны он мың адам жайлы мәліметтер қолда бар. Бұл деректерді еліміздің Сыртқы істер министрлігі, Еуропадағы елшіліктер мен іздеу топтары ұсынған.
Тізімде майдангерлердің қайда қаза тапқаны және тұтқынында болғаны, сонымен қатар, олар жерленген зираттар туралы деректер келтірілген.

Пікір жоқ әзірше