Анығын білмей ғайбаттама...

Блог - AyauIbrahimova: Анығын білмей ғайбаттама...
Жиырма төрт жастағы жас жігіт пен әкесі үйлеріне қайтуға қамданып, поездың бір вагонына жайғасты. Терезеге қарап отырған жас жігіттің дауысы жарқын шықты:
"Әке, қарашы, меніңше, ағаштар да бізбен жарысып жүріп келе жатқан секілді ". Әкесі мейіріммен жымыйды. Жандарында отырған жас-жұбайлар таңырқап, жігіттің осынша жас балаша қуанғанын сөз етті. Ол тағы да күліп:
"Әке, қарашы, енді бізді бұлттар аңдып жүр". Әдетінше жымыйды. Жас-жұбайлар отырған жақтан бір дауыс шықты:
«Кешіріңіз, айтыңызшы, Сізге баланыңызды дәрігерге көрсету керек емес пе?» Қалай ойлайсыз?! Әкесі шырайлы жүзімен үн қатты:
«Біз сол дәрігерден қазір келе жатырмыз. Ұлым дүние есігін ашқалы зағиып (соқыр) болған, ал бүгін оған жаңа өмір сыйлады».
Әр адамның басында қайталанбас қиындықтар болады. Кімнің қандай күй кешіп жүргені тек бір Аллаға аян. Сондықтан істің байыбына бармай біреуді жамандау ол ауыр күнә. Бірақ, кештен кейін таң ататын ұмытпайық.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше