Сенім
Сенім. Иә, бұл жәй ғана бес әріптен құралған сөз. Ал, ол сөзге ие болу, сөздің мағынасын терең түсіну кез келген адамның қолынан келе бермейді. Әркім әр түрлі түсінеді, өзінше баға береді. Бірі сенімге кіру үшін талай әрекетке барады. Енді бірі адалдылығын дәлелдей алмай сол сенімнен айырылып жатады. Оның ішінде ерекше сенім иесі әрине- досың. Қуанышыңды бөлісіп, қайғы келсе қолдап, барлығы теріс айналған сәтте қорғаушың, сырласың болар жан. Барлығымыз пендеміз ғой, періште көкте ғана. Адам болған соң жаңылысып, шалыс басар кезіміз болады. Оны әркім әр- түрлі қабылдайды. Өзінікі ойда жоқ, сол жіберген қатеңді өрбітіп жеткізіп, барлығынан аластатып, артыңнан түрлі әңгімесімен ереді. Ал өзіңе тікелей келіп, байыпты түсіндіріп, дұрыс жол нұсқар жан, сол сенім деген сөзге ие болар досың. Мына өмірде шын дос табу өте қиын. Бір үзім нанды бөліп жеп отырғанның өзінде ішінде не боп жатқаны беймәлім. Шалыс басар сәтіңді күтіп, сенің қиналғаныңнан рахат алатын жаныңда жүрген жақын адамың болып шығуы мүмкін. Өмір тосын сыйға толы. Қамшының сабындай аз ғана ғұмырда бір- бірімізге махаббатымызды, адалдылығымызды неге сезіндірмеске?! Сенімді, адал дос табу үшін алдымен айнадағы адам дұрыс болғаны абзал. Сыйға сый, сыраға бал. Сыйласып жургеннен сырластық, сырласудан сенімді достыққа ұласады. Әрқашан жанымызда жүрген жанашыр достарымыздың сенімінен айырылмай, бақытты ғұмыр кешуімізді нәсіп етсін.
Пікір жоқ әзірше