Зиянды фас-фудтар бізге де келмек!

Мемлекетімізді дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында түрлі жобалар мен ірі іс-шаралар атқарылып жатқаны белгілі. Әрине, еліміздің өзге мемлекеттер арасында еңсесі қашанда биік болғаны біз үшін зор мақтаныш. Дегенмен, осы елімізді дамытамыз деген мақсатпен түрлі батыстың үдерістеріне бой беріп жатқан сыңайлымыз. Соның бірі…
Кеше ғаламтор әлемін ақтарып отырып елімізде американдықтардың McDonald's жылдам тамақтану мейрамханалары ашылатыны жайлы ақпаратқа көзім түсті. Батыстың ең үздік әрі танымал корпорациясы жылдам тамақтану дүкендерінің 2010 жылғы дүние жүзіндегі ірі желісі болып табылады екен. Аталмыш дүкен әлемнің 119 елінде өз тұтынушыларына қызмет көрсету үстінде. Мемлекетіміз күн өткен сайын қарқынды дамып келе жатыр деп айтқанымызбен мұндай дүкендерінің іргетасы енді ғана қаланып келе жатқаны әрине ұят та шығар. McDonald's франшизасының иесі Қайрат Боранбаевтың айтуынша осынау америкалық компанияның елімізде өкілдігін ашу үшін он жылға жуық уақыт кеткен. Үлкен жобалар құру үшін он жыл аз уақыт емес. "Әрине, біз өз еліміздің өндірушілерінің осынау бизнеске қатысқанын қалаймыз. Дегенмен, McDonald's-тың 500-дей талабы бар. Оның бәріне жауа бере алатын Қазақстанда өңдіруші әзірге жоқ. Бірақ, алдағы уақытта болатынына сенімдіміз" деп атап өтті Қазақстандағы McDonald's франшизасының иесі. Иә, ондаған жылдар бойы бір дүкеннің шаруасымен бас қатырған біздің кәсіпкерлердің басқа атқарар ісі қалмаған сыңайлы. Батыстың түрлі шөп-шаламын халқымыз онсызда тұтыну үстінде. Он жылдар бойы аталмыш дүкенге жұмсалып жатқан қаражаттарға ұлттық асханаларымызды көбейтсек те болады емес па? Әрине, бұл менің өз ойым…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше