Қазақтау болсаң Құнанбайды көр немесе Ауылдан қашып қайда барамыз!

Кеше кинотеатрдан "Құнанбай" киносын көріп қайттық.
Бірінші сырт көз. Жалпы бүгінгі жастардың атынан сөйлейтін болсам, кинотеатрда бұл фильмді аз көретін сияқты, «Побег из ауламен» қатар келіп жатқасын ба көп жастар сол фильмге қарай кетіп жатыр. Кеше Хан- шатырда екі жолдасымыз үшін бұлтиса да зал ауызында тұрған апай көрсетуге мәжбүр болды. Сондықтан ба екен әуелде кинотеатрдың бас тартқаны көрсетуден. замандас қыздар- ұлдарға көрейік сондай- сондай десем. "Өй қазақ киносы ма" деді біреулер.Блог - KorkytZhali: Қазақтау болсаң Құнанбайды көр немесе Ауылдан қашып қайда барамыз!Блог - KorkytZhali: Қазақтау болсаң Құнанбайды көр немесе Ауылдан қашып қайда барамыз!Ал біреулер «онша емес дейді ғой көргендер» деді. Үйге келсем үйдегі бірге тұратын балдар «о-о-о сен екеуің барып оларға рейтинг беріп, байытып қайтыпсыңдар» деп орынсыз әзілдеді. Осы мен қандай ой түйеді екем деп киноны көре бастатым… Енді жалпы кино жайлы. Жалпы ұнады. Абай жолын оқығасын ондағы жазғанмен салыстыра отырдым. Құнанбай рөлі өте жақсы. Маған жаңа қырынан таныс етті. Абай жолында өте қатал еткен. Осы фильмде Абайды аша алмаған. Кейін Абай жайлы фильм шығады деген ой болса осы кино соған әдемі бастама болар еді. Сол үшін де Абай рөлін ерекшелеу етіп көрсетсе деген ой болды.Абай жолындағыдай Қодар өлімі кезіндегі бейне ашылмаған. (Жиреншемен жетіп келетіні). Ал Қодарды енді сәл- сәл бұрмалағанға ұқсайды Абай жолынан. Онда Қодарды жақсы кейіпкер етсе мұнда Құнанбай шешімін, тектілікті көрсеткен.Бұл бір жағынан режисер шеберлігі деп түсіндім. Өйткені осындай жаза қолданған ежелгі Құнанбайлар кезіндегі тектілік бүгінгіге үлгі болуы тиіс деген үлкеен ой салар дүние жатыр. Бұрынырақта сапсаы нашар дейтінбіз. Енді қазір қоғам ішіндегі жағдайларға мән беріп сынайтын болған. Біреулер Құдаймен қатар ішінде әулиелер жайлы бар деп өз болған тарихына қарсы шыққысы келеді. Енді біреулер мойынға тұмар тағу дін бойынша емес дейді. Енді бірі кеп неге текті, ұятты болса жалаңаш қызды кісендеп ел алдына әкеледі деп мақтап отырған менің аузыма құм құяды. Қысқасы біз 15 ақ милион қазақ өз фильмімізді көрмей қайда барамыз осы. Қайдан шыққанымызды білмей өткен тарихты толық зерттеп болмай біз шешуге тиіс жұмбақ тарихымызды ақтара алмай жүріп кей бас қатырар шет елдің фильмдерін шешуге әуестеніп кетеміз. Олармен салыстырып кетеміз. Қандай еңбекпен, қандай аяулы, елдік мақсатпен түсірілгенін білмейміз. Біз жастар өткен тарихымыздың не болғанына ұмтылмаймыз, өз тектілігімізді қалыптастырмай сынмен, жәй әншейін көрермен ретінде көріп кетеміз. Естеріңізде болсын "Құнанбайды" түсірген ұжым ер киносынан қыруар пайда көретін Галивуд ұжымы емес, бізге, болашаққа ой салу үшін түсірілген кино. Көруге болады емес, көру керек әрбірі. Побег из Ауламен салыстырып сынап Құнанбайдың дәрежесін түсріпі жатыр осы кездерде кинотеатрларда. Менің «Побег из Ауланы» жақтырмағаным емес, бірақ ағайын айтыңыздаршы "Құнанбайды" ұмытып, Ауылдан қашып қайда барамыз?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше