Мал емдеу инновация жолымен
Егер адам дәрігері медицина саласында адам емдейтін болса, мал дәрігері адамзатты да аурулардан қорғайды деген тәмсіл бар. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ, елімізде 3700-ге жуық мал дәрігері маманы жетіспейді. Сондықтан мұның өзі бір мәселе. Оқу бітірген жастардың көпшілігі ауыл-аудандарда, құс фабрикалары мен фермаларда және жеке зооемхана немесе дүкен ашып іс қылып жатыр.
Мал дірігері де ақ халат киіп, қолына ине ұстап адам емдегенмен бірдей күй кешеді. Емдеу сырын білмесең, дұрыс тәсіл қолданбасаң ауру асқынып кетеді. Осынау кәсіп, бір жағы ғылым саналатын ветеринария саласында тынбай еңбек етіп, жастарға білген-түйгенін үйретіп жүрген Астана қаласындағы Сәкен сейфулин атындағы қазақ агро техникалық университетінің оқытушысы, Ветеренария ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Ибраевпен сұхбаттасқан едік. Ол дәріс беру кезінде студенттерге бір жылдың ішінде 140 тан астам аурулардың түрлерін үйрететінін айтты. Соның 60 пайызын өзі үйретсе, 40 пайызын студенттер өз бетімен игеруі керек деп есептейді.
Профессор Балтабай Ибраев: «Қазіргі уақытта технология дамыған, оларға дайындалуға уақыт жеткілікті. Қазақстанда ұстайтын төрт түлік малдың ішінде іш құрт ауруы барлығында кездеседі. Казіргі уақытта 97 пайыз мал жекеменшікте. Осыған қарамастан мал иелері өздерінің иелігіндегі жануарларын дәрілемейді. Сондықтан жыл сайын туған төлдің барлығы дерлік жайылымға шығысымен әдетте ауруға шалдығады.»
Зерттеу кабинетіне кіре бере профессордан студенттер тек осы лабораторияда отыра бере ме? Жануарлар ауруын қолмен ұстап, көзбен көргендей дәріс алуы керек қой, тәжірибе жұмыстары қалай жүреді? Өзен-көл, даланы кезіп ғылыми жұмыспен айналысатын жастарымыз бар ма деген сұрағымызға да іркіліп қалмады.
«Жануарлардың инвазиялық аурулары деген пән бар. Түсінікті тілмен айтқанда, малдардың іш құрт аурулары. Осыны ескеріп, студенттерге жылқының, қойдың, ірі қара малдың, түйенің, ешкінің, құстардың, су құстарының инвазиялық ауруларын үйретеміз. Сондай — ақ аз ғана сағат балық пен бал ара ауруларына бөлінген. Балық ауруына қатысты зерттеу жұмыстарын солтүстік Қазақстан өңірінде орналасқан өзен-көлдерде жүргіземіз. Ең көп тараған және адамға өте қауіпті аурулардың бірі – описторхоз. Оны, әдетте, бауыр сорғышы деп атайды. Балықтардың, ет қоректілердің, ит пен мысықтың бауыр жолдарында болады. Бұған қатысты магистранттар мен студенттердің дипломдық жұмыстарын орындаған кезде осыған ұқсас тақырыптарды беріп зерттеткіземіз.»
Ветеринарлық білім алатын бөлме ішінде лабoраториялық құралдардан бөлек дәрі-дәрмектер тізіліп тұр. Таблетка, жақпа май, сұйық сироптар секілді мал ауруына қажетті көптеген дәрі бар. Өкінішке қарай, Қазақстанда жасап шығарылатын мал ауруына қажетті дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Көбі дерлік сырт елдерден келеді. Тек итттердің ауруына қажетті дәрілердің 2-3 түрі бар. Өзімізде өндіру үшін жаңа технология қажет, Фармакология саласы бойынша мамандар бізге әзірге жетекіліксіз. Егер дәрі жасап пайда табамын дейтін кәсіпкерлер болса, болашақта қолға алатын сала – осы.
Қазір университет жанында арнайы қазақстан-қытай инженерлік зертханасы жұмыс істеп тұр. Университет ректоры Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, мұндай мүмкіндікке екі ел президенттеріның ынтымағы мен келісімінің нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Мал шаруашылығы саласының алдында тұрған мәселелердің бірі — ветеренария саласы. Өкінішке қарай, ауру түрлері көп. Соған байланысты жас мамандар дайындауымыз керек. Сонымен бірге заманауи құралдардың болуы да маңызды. Қытайдағы мал аурулары мен біздің елдің мал аурулары бірдей. Сондықтан ортақ мәселені бірігіп шешу жолдары қарастырылған.Қытай тарапы мал ауруларын зерттейтін құрылғыны сыйға беріп отыр. Ол келесі жылы пайдалануға берілмек.
С. Cейфулин атындағы қазақ агро техникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев: «Олар бізге 500 милион АҚШ долларына бағаланатын құрылғыны сыйға беріп отыр. Сол зертханада біздің студенттеріміз, магистранттарымыз зерттеу өткізіп үйренетін болады. Қытай тарапынан 50 грант бөлінеді. Студенттер Пекинге, Шанхай, Үрімші қалаларына барып оқитын болады. Сонда жаңа тәсілдерді үйреніп елімізге қажетті ғылыми жобалар енгізеді. Жобаларды өндіріске енгізу жүйесін Қытай мықтап қолға алған.»
Университетке ат басын бұрған Қытай Халық республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Цао Цзиньлиньмен бірге 11 лауазымды кісі университеттің Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінде болып, ғалымдармен кездесіп, зертхананың тақтайшасын табыстау рәсімін өткізді.
Қытай Халық республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Цао Цзиньлинь: «Осыншама жас ғалымдар қызу жұмыс істеп жатқанын көріп қызығып отырмын. Адам факторы өте маңызды, барлық нәрсені ғалымдар істейді. Қазіргі ғылым саласында мынадай құрылғылар заман талабынан қалып қойды. Біздің алдағы уақытта құратын лаборатория Р 3 дәрежесіндегі технология. Ол егер құтырып жататын болса, қазақ-қытай ғылым қатынасына үлкен серпін береді. Менің ойымша, мұндай құрылғы бірінші дәрежедегі ауруларды дер кезінде анықтайды. Ауруды дереу байқап тиісті шаралар қолданатын болсақ, Қазақстанның көптеген ет өнімдері шет елдерге қауіпсіз күйінде шыға береді.»
Мал дәрігерін дайындау мен ауыл шаруашылығы саласында білім алып жатқан жастарымызға осындай мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сырт елдерден келген инновациялық технологиялар мен өзімізде бар құрылғылар арқылы ғалымдар көрген-білгенін үйретіп отыр. Енді даму, жаңа жобалар енгізу жас ғалымдардың еншісінде.

Пікір жоқ әзірше