«Инватакси» игілігі


Жылдан жылға «Инватакси» қызметі ауқымын кеңейтуде. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша Астанада 905 адам аталмыш қызметке жүгінсе, оның ішінде тасымалданған мүгедек балалар саны – 166.
Бұл – 9 айдағы көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2014 жылы «Инватакси» қызметін 1000-ға жуық адам пайдаланған.
2010 жылдан бастап жүріп-тұруында қиындығы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта 17 «Инватакси» автокөлігі бар. Оның 5-еуі арбадағы мүгедектер үшін, 8-і мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, 4-еуі №65 мектептің көзі көрмейтін оқушылары үшін тасымалдау қызметін атқаруда.
Пікір жоқ әзірше