Астанада «Жасыл технологиялар мен инновация» виртуалды байқауы жарияланды

Астана жаңалықтары: Астанада «Жасыл технологиялар мен инновация» виртуалды байқауы жарияланды

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, елордада «Жасыл технологиялар мен инновация» виртуалды байқауы жарияланды.

Байқауға қазақстандық компаниялар, жекеменшік мекемелер және жеке тұлғалар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел компаниялар қатыса алады.

Байқау келесі салалық бағыттарда өткізіледі:

— энергия саласындағы инновация жолдары;

— энерготиімділік және технологияның ресурстарын сақтау;

— экожүйені басқару тиімділігі;

— ауылшаруашылық саласындағы жоғары өндірістік және тұрақты тәжірибе, басқарманың тиімді әдістері мен қоқыс-қалдықтарын өңдеу;

— су ресурстарын тұрақты пайдаланудағы тиімді технологиялар;

— зиянды қалдықтарды азайту.

Байқауға қатысушалыр мына аталымдар бойынша марапатталады: «Жасыл» технологияны өндіретін «Үздік өндіруші», «жасыл» технологияны «Үздік жеткізуші», «жасыл» технологияны пайдаланған «Үздік кәсіпорын».

Байқауға қатысу үшін ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін www.gbpp.org, www.gt.greenkaz.org сайттарына тікелуіңіз қажет.

Технологиялық талаптар «жасыл» технология» тізімінде көрсетілетін болады және ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі форумында/алаңда орналастырылады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше