Астанадағы жалпықалалық сенбілікке 100 мыңға жуық тұрғын қатысты
Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысып, 450-ден астам техника жұмылдырылды. Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаішілік аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды. Сенбілік кезінде астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректерден 4 мыңға жуық түп отырғызды. Сондай-ақ мектеп, балабақша, медициналық мекемелердің аумақтарында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сенбілік барысында астаналықтар жалпы саны 8 мыңнан астам ағаш отырғызды. Шара аясында студенттер, волонтерлар мен әскерилердің қатысуымен Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасы мен жағасын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілді. Еске сала кетейік, 2015 жылғы 7 қыркүйек пен 7 қазан аралығында елордада Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізілуде.
сілтеме
сілтеме
Пікір жоқ әзірше