Астанада алдағы демалыста BalaTurkvizyon гала-концерті өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада алдағы демалыста BalaTurkvizyon гала-концерті өтеді
19-20 қыркүйекте елордада Бейбітшілік және келісім сарайында І Халықаралық балалар ән байқауының аймақтық іріктеу жеңімпаздарының жартылай финалы мен финалдық гала-концерт өтеді.

Балалардың жаңа өлеңдерін миллиондаған көрермен мен телекөрермен тамашалай алады. Гала-концертте СМС арқылы дауыс беру жүргізіліп, қазылар алқасы ең үздік дауыс иесін анықтайтын болады. Жеңімпаз желтоқсан айында түркітілдес елдер арасында тұңғыш рет өткізілетін «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

21 мемлекеттің өнерпаздары бақ сынайтын Гранд-финал 18 желтоқсанда Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

Байқаудың басты мақсаты – музыка әлемі арқылы балалардың жан-жақты дамуына үлес қосу, республикамыздың барлық балабақшалары мен мектептеріне арнайы сыйға тартылатын қазақ тіліндегі жаңа әндерді жарыққа шығару және қазақстандық жас сазгерлер мен ақындарға қолдау көрсету.

Еске салайық, ұлттық іріктеу 8 шілде — 8 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Оған екі мыңға жуық талантты өнерпаз қатысты. Әр балаға кастинг нәтижесіне қарамастан сертификаттар мен «Bala Turkvizyon – Қазақстан» әнұраны табыс етілді. Екі апта бойы еліміздің 16 облысынан үздік шыққан 20 баламен танымал музыка шеберлері, хореографтар мен әртістер жұмыс істеді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше