Инчхондағы спорт кешендері

Инчхондағы Азия ойындары аяқталды. Көңіліміз шат. Жиырма жыл бұрынғы өз рекордымызды жаңарттық. Бізге әзірге үш алыпқа жету қайда? Сондықтан бесінші орынға түсіп қалмай, өз рекордымызды жаңарта беру әлдеқайда маңызды болып тұр. Кезінде 1994 жылы Хиросимада жүлде салғанның бәрі Кеңес өкіметінің спорттық мектебінен шыққандар еді. Ал қазіргі спортшылардың дені өзіміздің төл өнім. Мысалы, жүзу спортынан үш дүркін Азия ойындарының чемпион атанған Баландиннің жасы небәрі он тоғызда.
Бұл Азия ойындары Қазақстан спортының қай бағытта келе жатқанын, кем-кетігі мен артық тұстарын мейлінше көрсетті. Медальды қай спорттан жинауға болатынында түсіне бастағандаймыз. Ең бастысы, 17 миллион халықтың арасынан сары құрлық додасында жүлде алуға қабілетті 84 спортшы шықты. Бұл мақтауға тұрарлық көрсеткіш.



Ал Корея Азия ойындарына қалай дайындалды? қандай спорт кешендері бар деген сұраққа мына суреттермен жауап беріп көрсек:



«Incheon Asiad Main» – осы Азия ойындарына арналып салынған жаңа стадион. Сыйымдылығы – 61,074 адам. Бұл жерде Азия ойындарының ашылуы және жабылуы сондай-ақ жеңіл атлетиканың жарыстары өтеді. Сарықұрлықтың додасы аяқталған соң 30 мыңға дейін кішірейтіледі. Құрлысқа 429 миллион доллар жұмсалған.



«Gyeyang Asiad Archery Field» спорт кешені – нысана көздеушілердің сайысы өтетін орын. Сыйымдылығы – 1181 орын.



«Anyang Hogye Gymnasium» – боулинг спортына арналған кешен. Сыйымдылығы – 270 орын.



«Gyeyang Gymnasium» – бадмминтон ойынына арналған спорт кешені. Сыйымдылығы – 4304 орын.



«Yeonhui Cricket Ground» – крикет ойындары өтетін алаң. Сыйымдылығы – 2371 орын.



«Munhak Baseball Stadium» – бейсбол спортына арналған алаң. Сыйымдылығы – 27 877 орын.



«Munhak Stadium» – 2002 жылғы әлем чемпионаты кезінде салынған. Сол кезде бұл стадионда Коста-Рика мен Түркия, Дания мен Франция және Оңтүстік Корея – Португалия құрамалары доп тепкен еді. Сыйымдылығы – 49084 адам. Футбол ойындарының финалдық кездесу осы жерде өтеді.



«Ansan Wa» алаңы – 2006 жылы ашылған. Бұл стадион 35 000 адамға арналған. Өзі дәл Сеулге баратын метроның жанында орналасқан.



«Goyang Stadium» – футбол матчтары өтеді. Сыйымдылығы – 41 311адам.



«Namdong Asiad Rugby Field Stadium» – регби ойындарына арналған стадион. Сыйымдылығы – 1604 орын.



«Yeorumul Tennis Courts» – бұл жерде теннис ойындары өтеді. Сыйымдылығы –5802 орын



Су спортына арналған кешен
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше