Ұялы байланысыңыздың интернет пакетін тиімді пайдаланудың 6 жолы.

Қазіргі таңда адамдар интернетсіз жүре алмайтыны анық. Онымен қоса әлеуметтік желілер тағы бар. Жұрттың көбі осы медиа желілерге қолдағы ұялы телефонмен кіреді. Бірақ осы байланыс құралымыз интернет пакеттерінсіз жұмыс жасамайды. Интернет пакет ол өз операторыңыздың сізге ұсынған тиімді интернетке шығу мүмкіндіктері. Олар айына мұнша сома салсаңыз интернетке бір ай бойыы мұнша 1GB,2 GB… береміз дейді, ал қосымша ақша салсаңыз мұның мүмкіндігін екі есеге арттыруға болады. Ал ұялы телефоныңыздағы бірлікке сай күнделікті 20MB тан бастап 150MB аралығында күн сайын интернет пакеттерін пайдалауығада болады. Жарайды мұны бәріміз білеміз. Әңгіме оса интернет пакеттерді қалай тиімді пайдалану жөнінде болмақ. Себебі осы интернет пакеттері жетпей телефондарымыздағы бірлік минусқа кіріп кетіп жатады. Олда айланып келгенде қалтаңызды қағатыны анық. Төмендегі кеңестерді ұсынып көрмекпін. Ұялы байланыс беті ағылшын тіліндегі Samsung Note 3 баптауларынан мысал келтірілген егер мұны жасаймын десеңіз телефоныңызды ағылшын тіліне аударып нұсқаулар бойынша жасасаңыз қиындық болмаас…
Сонымен
1. Алдымен сіз ұялы байланысыңыздың APN (Access Point Name) баптауын реттеңіз.
Мұны кей операторлар автоматты түрде қосып берседе кей ұялы байланысқа қосылмайды. Ол үшін 1. Settings (баптаулар арқылы)-Connections > More Networks > Mobile Networks > деп кіріп  Access Point Names немесе APN ге кіресіз. 2. Add New APN ді басып Name бөліміне Kcell (қай оператор тұтынушысыз сол оператор атын жазыңыз), APN бөліміне net деп жазыңыз. 3. Menu содан Savе басыңыз.
2. Интернет пакетін пайдалану
Блог - KhanagatNurbol: Ұялы байланысыңыздың интернет пакетін тиімді пайдаланудың 6 жолы.
Сіз айына қанша MB,GB қолданасыз? Көп жұрт күнделікті берілетін шектеулі интернет пакеттерін қолданады екен. Ал ол жетпей тағы интернет пакетін аласыз сонда ай сайын бір ақ рет төлеп алатын көлемді нинтернет пакетінен күнделікті қолданатын интернет пакеттің құны 5 есе артық болады. Сонымен кеңес, сіз күнделікті интернет пакетінің ең тиімді маған осы жетеді ау дегенін таңдап алыңыз. Шамамен  100-150 MB аралығында. Ал ол почта қарап, әр уақыт жаңалық оқитын адам үшін жеткілікті. Егер сіз Youtubeтен немесе сапалы  контенттерден видео көріп интернетте, әлеуметтік желілерде көбірек отырсаңыз айына берілетін интернет пакеті 2GB-4GB жеткілікті. Мен өзім Tele 2-нің айына 2000 тг төлеп 5GB пакетін қолданам. Ол жеткілікті.
 3. Тек Wi-Fi-мен update (жаңарту) жасау
Блог - KhanagatNurbol: Ұялы байланысыңыздың интернет пакетін тиімді пайдаланудың 6 жолы.

Телефоныңыздағы Ұялы деректер қосулы кезінде автоматты түрде update жасап қаншама көп мегебайт жұмсалып жатқанын қараңыз. Егер сіз  Wi-Fi-ға қосыла қалсаңыз осы Software upgrade апп update-ты жасап алыңыз. Бұл сізге үнемділік әкеледі. Ол үшін U store > баптауы ішінен “Wi-Fi байланысы қосылған жағдайды автоматты түрде тарту” баптаун қосыңыз. iOS тұтынушысы Settings > iTunes & App Store > Updates    
 4. Push notifications

Блог - KhanagatNurbol: Ұялы байланысыңыздың интернет пакетін тиімді пайдаланудың 6 жолы.
Бұл сізге кім қайда жүр? Кім не жазды? Кім қандай суреттер жүктеді деген өзіңіз қаламаған мәліметтірді күшпен мәлімдейтін дүние. Оны тоқтату үшін Settings > Application manager бөлімінен тоқтатқыңыз келген апп-тың бетін басып Show Notifications баптауын тоқтатасыз. Бұлда интернет пакетінің аз жұмсалуына сеп.  
5. Data usage пайдалану (шектеп пайдалану)

Блог - KhanagatNurbol: Ұялы байланысыңыздың интернет пакетін тиімді пайдаланудың 6 жолы.
Сіздің ұялы байланысыңызда интернет пакетін өз қалауыңызша есептеп, шектеп жұмсап беретін дүние бар. Онда Settings ішінен Data usage деген бөлімге кіріп бір күнде болмаса бір аптада қолданам деген мегабайт санын жазып беріңіз. Мысалы күніне  40MB жұмсаймын деп жазсаңыз ұялы байланысыңыз автоматты түрде осы 40MB-дан артық жұмсамайды.  
6. Кэште сақтау.
Блог - KhanagatNurbol: Ұялы байланысыңыздың интернет пакетін тиімді пайдаланудың 6 жолы.

Компьютер мен андройдты ұялы байланыстар вэб беттерін кэште сақтап қалады. Бұл сізідің үнемі кіріп шығып жүрген вэб сайттарыңыздың бетіндігі текст, сурет меліметтерін сақтап кейін кіргенде кедергісіз жұмыстауына пайдалы. Адамдар мұндай кэштерді өшіріп тастайды. Себебі ұялы байланыстың жұмыстауына кедергі келтіреді деп ойлайды. Оны өшірудің қажеті жоқ. Сонымен қатар интернет пакетінде аз жұмсау үнемдеу жолы болып табылады. Ол үшін Google-дың Chrome арқылы пайдалану, Chrome вэб беттерін өз серверіне тартып алады. Тек Settings бөлімінен Bandwith таңдап Reduce Data Usage баптауын қоссаңыыз болғаны. Міне осыларды орындасаңыз экономикалық тиімділік болады.)))))

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше