Туған елге тағзым өлкетанулық зерттеу экспедициясының алғашқы 2 күні.

Кез келген адам өз туған елін, топырақ иісін суының дәмін татуыы тиіс.Сондай адамдар ғана нағыз елінің патриоты бола алады.Сол себепті Республикалық Назарбаев Зияткерлік мектептер арасында «Туған елге тағзым» өлкетанулық зерттеу экспедиция бойынша Қызылорда өрендері еліміздің бас қаласы, айнасы – Астанада.
Ұйқыдан тұрдық.Үстімді құдды бір тас басқандай сезіндім.Қатты шаршаппын.Тұрып таңғы ас ішіп, автобусқа келдік.Сөйтсек жаяу жүру керек екен.Алғашқы баратын жеріміз «Әйел – Ана» монументі. Ол монумент қонақ үйдің дәл жанында екен.Қарадым көзге оттай басылған елес.Бар жан тәнімен дұға тілеп Алладан үмітін үзбей қасындағы бала шағасының нәпахасын сұрап, жалбарынып тұрған әйел бейнесі көрініп тұр. Сол ескерткішті көргенде 1932-33 ж ашаршылық құрбандары көз алдымнан зырғып өте шықты.Сол кездері аштықтан 2 миллион адам, ұжымдастыру саясаты және Голошокиннің «Кіші қазан» саясаты кесірінен көз жұмды деседі.Ең үздік деп таныған осы жобаның авторы Орар Әлібаев болатын.Осы ескерткішті көргеннен соң Астананы екіге бөліп тұрған Есіл өзенінің жанымен сонау 1937-1947 ж ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы, Абылайханның шөбересі, тарихта ойып тұрып орын алатын Кенесары ханның ескеркішіне ат басын тіредік.Ескерткіш биіктігі 7 метр,қоладан жасалып гранитпен қаптаған.Ескерткішпен толық танысқаннан кейін, Астана қаламыздың салуына негізделген «Бәйтерек» монументін тамашалық.Бәйтерек биіктігі 97 метр, 80 конструкция тіреп тұрғызған Норма Фостердің тамаша туындысы.Одан кейін «Мәңгілік ел» қақпасына бардық. Ол жерде тәуелсіздікке дейін болған қиыншылықтар мен қуаныштар жақсы, керемет өрнектелген.
Түскі ауқаттан соң Астананың мақтанышына айналған,әлемдегі сиымдылығы жағынан үздік үштіктердің қатарына кіретін зәулім «Астана Опера» атты опера және балет театрымен толықтай таныстық.Іші-сырты толықтай мәр-мәр тастан жасалып, көз жауын алатындай етіп Европалық өрнектер мен өзіміздің қазақтың ою-өрнегімен келіскені соншалық, қабырғаларға салынған суреттер мен айнала ілінген бұйымдар адамды көргенде бір (селк) еткізбей қоймайды екен.Тіпті мен ол жақта керемет аға-әпкелеріміздің киген киімдерін көріп тамсандым.
Алматы қаласы «Ерке-Нұр» тігін шеберханасында жасалған Роза Бағланованың 85 жылдық мерейтойына арналған концерттік көйлегі,1980жылы Алматы қаласы А.Селезнев атындағы хореограф училищесіне ұстаздық қызмет жасағанда киген Дәурен Әбіровтың киімі, Бибігүл Төлегенованың Гүлбаршын партиясына арналған сахналық көйлегі, Нариман Қаражігітов пен Әлібек Дінішевтің Айдар партиясына арналған шапандыры, Жәмила Баспақованың Виолетта бас партиясына арналған сахналық киімі, Гүлжан Тұтқыбаеваның Китри партиясына арналған балет пачкаларын көріп тамсандым. Осылайша көрермен залының кеңдігін көріп 30мың тұратын орындықтарға тегін отырып кеткен жайымыз бар.Бәрін көріп тамсанып келесі ҚР ұлттық академиялық кітапханаға жол тарттық.22 млн сыйымдылығы бар, алайда 800 мыңнан астам кітабы бар кітапхана бүгін міне біздер үшін есігін айқара ашып жұмыс жасап тұр. Бұл кітапхананы аралай жүріп, көзіміз ашылғандай болды. «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін елдігіміз мәңгілік» деген үлкен стендтегі жазумен бастаған Мәңгілік елдің ұлттық мұрасын көріп,100 томды « Бабалар сөзі» атты кітаптарды көрдік.Және де бұл кітапханада электронды оқулықтар, жаңа технологиялы компьютерлер, үлкен сканерлер, белгілі бір жерден келесі бір жерге жүйткіп баратын кітаптар тасымалдайтын жүйрік жәшіктер және т.б көптеген жаңа технологиялы заттармен таныстық.Бір айта кетері әр елдің кітап тартуымен жасалған бөлмелермен жүріп сол елдің кітаптарын оқыдық.(Корея, Түрік, АҚШ,Үндістан, Неміс). Бүгінгі күн ұзақ әрі керемет өтті.Ертенгі күн қалай өтеді екен?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше