"Назарбаев Интеллектуалды мектебіндегі" сынып сабағы. Ұлы Отан Соғысы.

Блог - kaztube: Назарбаев Интеллектуалды мектебіндегі сынып сабағы. Ұлы Отан Соғысы.
9 мамыр Қазақстанда ерекше күн боп саналады. Бұл мейрамды барлық қазақстандық жақсы көреді десек, артық болмас. Өйткені, дəл осы күні барлық майдаргерлерді, соғыста қаза тапқандар мен аман қайтқандарды, майданда ерен еңбегімен жеңіске үлес қосқандарды еске алып, көзі тірі ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіледі.
Қазіргі өскелең ұрпақ Ұлы Отан Соғысы туралы не біледі деген сұрақпен «Назарбаев Интеллектуалды мектебінің» жоғары сынып оқушыларына сауал қойдық. Қуантатыны сол, сұм соғыстың тарихын бұл оқушылар «беске» біледі екен. Олар Бауыржан Момышұлы, Əлия Молдағұлова, Талғат Бигельдинов жəне басқа да батырлардың ерен ерлігін, ержүректігін мақтан тұтып, осы бейбіт күнге жеткізген батырлықтарына басын иеді. Қазіргі болашағы жарқын елімізді келер ұрпаққа дəл осы күйінде табыстау керек екенін сезінеді, өздеріне міндет санайды. «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылған жоқ» деп қайталайды оқушылар.
Осы сəтте Біз жеңіске қалай жеттік атты видеоны назарларыңызға ұсынамыз.
«Сынып сабағына» қатысқан «Назарбаев Интеллектуалды мектебінің» тізімдегі оқушыларына алғыс білдіреміз: Нуржан Онашабай (11 В), Дамира Джанзакова (12 В), Улангасен Томеген (9 D), Аружан Жакапбекова (8 С), Адиль Нурмухамбетов (7 Е).
Бөлісу:
  • 0
  • Автор туралы
    KazTube.kz бейне-порталы – бұл қазіргі уақытта танымал қазақстандық интернет-ресурстардың бірі. Түрлі мемлекеттің жас мөлшері әр алуан пайдаланушылары күнделікті бейне-, аудиоконтентті көреді, тыңдайды және оқиды, сондай-ақ өздерінің роликтерін де порталға жүктейді. Порталдың басты ерекшелігі – оның айрықша отандық контенті бар, сондай-ақ Интернеттегі мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етуші ресурс ретінде таныстыруында. Портал жұмысының негізгі бағыттары Қазақстанның мультимедиялық контентінің жинау мен іздестіру, қазақстандық теледидар мен радионы қалыптастыру болып табылады.

Пікір жоқ әзірше