Қазақ жерінің гүлінен алынатын каучук
Орта есеппен бір автомобильді жасап шығару үшін 100 кг каучук қажет
Каучук өндірісінің тарихына шолу жасайық. Табиғи каучук экватордың екі жағына он градус ендікте өсетін ағаштардан алынады. Гевеи ағашының қабығын кесіп, одан аққан шырын –латексті жинаған. Латексті қыздырған соң ондағы ұсақ–ұсақ шайырдың шариктері бір –бірімен жабысып, тұнбаға түседі. Жергілікті тұрғындар тұнбаны жуып, оттың үстінде ұстап каучукты кесектей алған.
1930 жылдардан бастап Совет үкіметі табиғи каучукті өндірістік көлемде өндіру үшін жарамды өсімдіктерді іздестірген. Каучук өндірісіне деп жарамды болып табылған көк сағыз гүлі болды. Қазақстанның таулы аймақтары оның табиғи ортасы болып табылады.
1931 (1933?) жылы Алматы Облысының тұрғындары Совет ботаниктеріне көк сағыз атты бақ –бақ гүлінің түрін көрсетті. «Taraxacum kok-saghyz Rodin» атауын алды.
Өсімдіктің тамырынан 6-11 % каучук алынады. Техникалық өсімдік ретінде егіп өсіргенде, 1 гектарынан 80 кг-ға дейін каучук өндіріліпті. Өнім алу қол еңбегіне негізделген. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң 1950 жылдары көк сағыздан каучук өндірісі тоқтатылды. Өйткені, алынған каучук сапасы төмен және қымбатқа түсті. Мұнайдан алынған каучук арзан және әрі мықты болды.
1980 жылдары әлемдік шикізат қоры бағаланып, бүкіл әлем экономикасының негізі мұнай өндіру және өңдеу болғаны нақтыланды. Мұнай өндірудің артуы және жалпы өндірістің, отын жағудың көлемінің артуы экологиялық мәселерді адамзат алдына қойды. Мұнайдың бағасы өсуде. АҚШ –та көк сағыздан каучук өндіруін қайта жаңғырту жолын қарастыруда. Оған себеп ретінде мұнайдың бағасы және экваторда өсірген табиғи каучук бағасының өсуі деп көрсетіледі. Табиғи каучукті өндіру технологиялары да жетілдірілуде. Қазір табиғи каучуктан алынған резеңке синтезделген каучуктан жасалған резеңкеден сапасы жоғары болады деп саналады.
Қазақ жері голландықтарға гүл сыйлап, оларды байытты. Интернеттегі ақпаратқа сенсек, Американдықтарды құтқарады. Иә, айтпақшы, Америкада көк сағыз гүлі емес –орыстың гүлі атауымен белгілі болып шықты. Пайдасын тура көрмесек те, ең жоқ дегенде мектептің биология және химия оқулықтарына «көк сағыз» деген гүлдің атауы түссе екен. Түскен шығар, ол жағы маған белгісіз. Көк сағыздан қант диабетімен ауратын адамдарға инсулин өндіруге болатынын жазып көрсеткенде жөн болар.
Дерек көзінің негізінде жазылды.
Пікір жоқ әзірше