Қосағыңмен ұрсыстан кейін татуласа білсең, міне, нағыз махаббат деп осыны айт.
Кешегі өткен күндерді еске алып отырып, бүгінгі күніме ризамын. Аллага шүкір отбасым бар. Жыл сайын шетелге барып демалмасам да төрт доңғалықты арбамызды жегіп аламыз да жаз айларында бір екі күнге Бурабайға барып тұрамыз. Жолдасым бар ақшамызды шетелге шашқанша өз туған жерімізде жұмсайық деп қыдырудың кезі келсе еліміздегі шипажайларды таңдайды. Тіпті дүкенге келіп конфет алайын десек, рошенді емес, рахатты таңдайды. Оған бойымызда ойымызда үйренген. Таңдайтын күнге жеткізген Аллаға сансыз мадақтар болсын. Шаңырақтан бақ пен берекені тайдыратын да, әкелетін де өзіміз ғой. Бірде қайын жұрт жаққа барғанымызда атамның алдында сөзге келіспей қалдық. Бұл келіспеушіліктің қалай болғанын да байқамай қалдық. Әй сосын өкінгеніміз ай!!! Тіпті сөзбен жеткізе алмайсың. Енем бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Атам елімнен кетпеймін деп, немересін қолына алып, өз үйінде тұрып жатқан болатын ол кезде. Сонда атамның айтқан ақылы есімде жатталып қалыпты. Атамның: "Қайтсеңдерде бір біріңнен мықтап ұстаныңдар. Міне жүргенім жоқ па? ұрсысатын да адам таппай" дегені бар. Ұялғанымыздан не істерімізді білмедік. Отау құрғанымызға небәрі үш жыл өтсе де, әлі күнге дейін арамызда келіспеушіліктер туындап жатады, сол кезде атамның сөзі ойыма сарқ ете түседі. Атам енеміз қайтыс болғалы бері тұйықталса да, өмірге деген қызуғышылығын жоғалтқан емес. Бір кездері қасына серік болатын әже іздестірген тұсы болды. Атамның бұл ісін қылық деп бағалаған жолдасым біраз уақыттан бері жұмылған аузын ашпады. Анасының орнын біреу алып алады деп ойласа керек. Бірақ ол ол кезде жалғыздықтың зардабын түсінбеді. Қазір керісінше қалжыңдап әке әже таппадыңыз ба деп, әпкелерім бірдеңе десе өзім сөйлесемін олармен дейді. Тақырыптан ауытқып кеттім бе?! Айтайын дегенім ол емес еді. Үйдегі ырыс пен бақ берекенің кетуінде жылтылдаған жылан құсап жатқан жанжал мен ұрсыс жатыр. Адам болған соң, қайтсе де ұрсысып қаласың. Бірақ сондай да ұрсыстың шыққан төркінін отты сумен өшіргендей басып, татуласқанға не жетсін?! Ондай кездері жолдасыңмен ымыраға келіп, татуласа алсаң онда біл: «Ол сенің нағыз екінші жартың». Ал егер бір шешімге келе алмай, ұрсыстың арты жанжалға ұласып, бір ымыраға келе алмаса ол отбасының болашағы жоқ. Адам баласы арманшыл келеді ғой. Ой махаббат. Баянды махаббат. Махаббат деген беттен былш, былш сүйіп, кісінің көзінше айтылған алтыным, күнім, айым да емес. Ұрсыстан кейін жеке, бетпе бет қалғанда айтылған жылы сөздің күрмеуінде сақталған. Соны көре білген жағдайда ғана отбасыңның берік болатындығына сене бер. Және сол беріктікті бұзбауға бар күшіңмен тырыс.
Пікір жоқ әзірше