Боздап тұр, бозқараған...

Боздап тұр, бозқараған

Алғы сөз

Бұл шығармамды оқыған жандардан кешірім сұраймын. Себебі тым асығыс жазып шикі дүниені салып жібердім, дегенмен мекен жайыма жақсы лебіздер көптеп келгендіктен, қайтадан өңдеп, жалғасын жазып шығаруға бел байладым. «Ең әдемі әйел» тақырыбы уақытша қойылғандықтан, негізгі тақырыбы «Боздап тұр, бозқараған» болып өзгертілді.
****
Емхана қабырғалары, діни орындарға қарағанда шынайы, жүректен шыққан тілектерді көбірек естіген деседі. Рас екен. Сай сүйегім сырқырап, жаным жай таппай, мыңдаған ойлардың шетінен ұстап, шегіне жете алмай отырмын. Өткен өмір артта, көздеген мақсат, жете алмай келе жатқан мұрат алда. Бүгінгі күн емхана қабырғасына сыр шертумен өтіп жатыр. Осындай толқыған сәттерде сағат тіліде бір орында тұрып қалатыны-ай. Заман ілгері жылжып, технология дамыған уақытта еш қорқудың қажеті жоқ деп өзімді тынышталдырып, енді тәтті ойлардың жетегіне еріп кеттім. Ота жасайтын төсекке жатқанша, төменде жазғанымның барлығын жобалап қойып, аман есен есімді жисам осыны қағазға түсіріп, сабақ үстінде оқимын деп серт еттім. Бұл жәй әңгіме болсада, мұнда баяндалатын оқиғаны, қысқа роман ретінде, оқушыммен қауыштырғым келді.

І
Қайраты мол, қаһарлы қыс Алматыны толықтай иелігіне алып, өзінің билігін жүргізіп жатқан уақ. Қар молынан жауып, даланы да, адамды да тырп еткізбестен, тұсаулап қойған. Паң далада сауық құрып, аяз жүр. Терезеге қарасам, тіршілік белгісі білінбейді, тек қана мұржалардан түтін будақтап, аспандағы бұлттарға ілесіп көшіп барады. Жып-жылы үй, мейірім мен махаббатқа толы қарт анамның қолдары жаурамасын деп, отты үзбей жағып, бөлмемде кітап оқып отырғам. Қалғып бара жатыр ем, ұялым шыр ете қалды. Қысқы демалыстың соңғы күні болатын. Ертең сабақ екенін ескертіп хабарласып тұрған топ басшым екен. Келесі күні универге жеткенше жаурағанмен далада үсіп қалғаным жақсы еді, министірліктен біздің мамандықтың лецензиясы алынғаны туралы және жабылсын деген суық хабар келді. Бәріміз универге, біріміз бірімізге үміт артпастан ыдырай бастадық. Араға бір апта салмай, жаңа оқу орнына ауысып кеттім. Жаңа жүздер, бөтен көздер әдеттегі көңілсіздік пен зерігу. Өз аяғым ба, әлде тағдыр әкелді ма мұнда өзім білмеймін. Өңшең баға үшін барын беріп, дәптерден бас алмайтын адамдар. Аудитория, моргтың бөлмесіне ұқсайды. Бір қораға бөтен қойларды айдап әкеліп қойғандай, бөлініп алып өзара әңгіме айтып отырған адамдардың арасында отырғаным алғаш рет. Аудитория ала көлеңке, түссіз ескі киноға ұқсайды. Осы түссіз киноға, сән келтіріп, мән беріп тұрған сен екенсің деген түйінді, информатика кабинетінің есігі ашылғанда жасадым. Көздерім көзіңе түскен сәттің өзі жан дүниемнің астан кестеңін шығарды, бірақ екуміздің таныстығымыз біраз күннен кейін болды. Әттең ол күн есімде жоқ. Менің есімде арулар мерекесіне ұйымдастырған кеш қалды…
Көктем басталғалы, күн күлімдеп, ауа райы жылы шырай танытқанмен, сол күннің аяғы жаңбыр аралас қарға ұласып еді. Күн батуға айналғанда жуынып, таранып, өзіммен бірге ауысып келген достарыма звондап, кездесетін жерді белгілеп, өзімізбен оқитын екі қызды кеш болатын жерге алып кететін болдық. Серік екеуміз екі қызды қолтықтап алып, Гоголь көшесін қиялап келе жатып, Сейфуллин көшесінен Медеуді кезіктірдік. Бір қолшатырдың астына, 5 адам сыйысып әңгіме дүкен құрып келеміз. Бізден ерекше болып биттің қабығындай бешпет киіп алған Серік, тістері сықырлап, жеткенше үсіп қала жаздады. Пәтерге келсек, ерте келген жолдастарымыз дастархан жайып қойып, тамақ піскенше, суретке түсіп, әңгіме айтып кешті қыздыра бастапты. Бұл кеште жаңадан ауысып келген біздер, тек амандасып қана араласатын қыздармен, етене жақындасып, дос болып кеттік. Осы кеште Айқыз алғаш рет маған тіл қатты. Бәрін дастархан жайылған бөлмеге шақырып, соңғы болып мен кірдім.
-Оо Сәкен бүгін елден ерекше жиде киіп, солидный жігіт боп келіпті ғой – деген сөзден кейін, шетте отырған Айқызға қарадым. Менің жидені сирек киетінімді байқаған, сол ғана болса керек. Ұятым бетіме шығып.
-Құдайға шүкір – деп ақырын ғана жымидымда қойдым.
Отырыста асабаның ролін маған берген жолдастарды, жалықтырмайын деп, бар өнерімді салып, әзіл айтып, кезегімен сөз беріп, кешті одан әрмен жалғадым. Отырғаннан жауыр болмайын деп билеуге тұрдық. Менің билеуге еш икемім болмасада, шараптың қызуымен ортада жүрмін. Би алаңында, көзіме шоқтай басылған, қызыл көйлек киіп алған Айқыз жақа қайта-қайта қараумен болдым. Одан кейін оңаша бөлмеде, жігіттермен отырып екінші дастарханға дейін біраз ащы судан ұрттадық. Түн ортасы болатын, ұйқысы келегендер жантайып, ал қалғанымыз дастарханға оралдық. Қызып алған сәтте микрофон тізгінін ешкімге бермейтін әдетіме салып, жатқа білетін өлеңдерді оқи бастадым. Оң жағымда отырған Айқызға қарап отырып.
Сүйіпте тұрып, сүйікті болып,
Сетінеп жаным, шерленем.
Сүюді бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп, көрмеген… – деп алғашқы өлеңді әдемі бастағаныммен, оның өзін жарытпадым, шараптан тіл күрмеліп, өлеңнің басын бастап аяғына жеткізбестен быт-шытын шығардым. Одан кейінгі оқыған өлеңдерімде сәтсіз болды. Тағы бір әдетім Шәмші әндерін айту болатын. Дауысым болмасада, әу деп бастап жіберетінмін. Айқыз шәй құйып отырған, бұл сәтте барлық назарым осы қызға ауды. Ән айтқандағы оның дауысы, әр қимылы, қылығы, құлын мүшесі, тұнып тұрған жыр. Көзінің қиығымен қарағаны, жүрегіңді қиып түсер қылыштай, жалтылдап, өз иелігіне еріксіз тартып тұрады. Осы кеште мен бар еркімнен айырылып, сезімге кісенделіп қалдым. Мендік арман, үміт, махаббат қайта тірілді. Мен қайтадан өмірге келдім…
Сабақта мен әр дайым оған жақын отырып, бірдеңе қажет болса, лезде қолымды ұсынып оған қамқор болғым келді. Үйге қайтқанда ол қарама қарсы аялдамаға барып автобус күтетін. Мен күнде оны жанарыммен шығарып салатынмын. Сәл ғана жымиып басын изегенінің өзі бір өміріме жетіп, артылатын ізеттілік еді. Жұмыр білегіне сөмкесін асынған, ақ сары қыз. Ол жүрген кезде, айналадағы бар қимыл баяулап, дала шуының килогерцтері созылып, құлаққа ырғатылып әрең жетеді. Әр басқан қадамы, табиғаттың құбылысы сияқты, айналаға қарап сыпайы жымиғаны, арайлап атқан күндей жарқын. Оның келбеті бояуы кеппеген Леонарда да Винчидің «Мона Лиза» суреті сынды, мен бұл көрініске ғұмыр бойы қарап тұруға даяр едім. Мона Лизаның ернінің өзін да Винчи алты жыл бойы салса, мен бұны алпыс жыл толғансамда, оқушыма жеткізе алмаймын.
Уақыт адамға бағынбастан, алға басты. Сабақ, үй, қауғырт тірлік, ештеңе өзгеріссіз. Бірақ алдағы күндері екеуміз тіпті амандаспайтын боп алдық. Бұның сырын мен еш түсінбедім, олда сыр білдірмеді. Наурыз мерекесінде алаңсыз бір апта демалып, сабаққа келген күні топтағылар кезекті қуанышты бөлісіп отыр екен. «Айқыз тұрмысқа шықты» деген сөзді аудиторияға кірген сәтте естідім. Аяғыммен басып тұрған еденді сезбей, қол аяғым қалтырап, көзім қарауытып орындыққа әрең отырдым. Қатты соққыдан нокаут алған боксшыдай құлағым шыңылдап, «бітті.і.і.і» деген сөз жаңғырып естілді. Партадан басымды көтере алмай салбырап қалдым…
«Сұңғақ бойлы, сымбатты қыз, орамал тартып өзге үйдің босағасын аттап, дастархан жайып ата-енесімен, жолдасына шәй құйып отыр» — деген ойдан арыла алмай, ілбіп басып үйге жеттім. Бөлмеме кірген күйі, көкірегім қарс айырылып, еңіреп жылап жіберейін деп тұрсамда, ек бетімнен жатып, жастыққа басымды бұғып үнсіз егілдім. Арман мен үмітті өзегіме отын қып жинап өкініш оты аяусыз өртесе, жүрегім қызғаныштан күйіп барады. Біреуге арман боп қалып, біреуге бақыт болып қонған, аққудай кербез аяулы Айқызды ұмытудан басқа амалым жоқ деп түйдім. Ол сабақа келген күні бәрі құттықтау айтып, қуанышына ортақтасып жатқанда, ернімді күштеп ыржитып, қолын алып «орамалың құтты болсын» деуге ғана шамам келді. Бұл күнге дейін екі жүзді адамдарды жек көргенмен, мен де солардың қатарынанмын. Алдағы күндері екеуміз тілдеспек түгіл, ол тұрған маңға қараудың өзі арманға айналды. Өмірді ертегі десек, мен жағымсыз кейіпкер сынды әр дайым шетте жүрем. Бір аудиторияда отырсақта, «мен» және «ол» деген екі әлем бардай, оған барар жолды сан миллиард жұлдызбен, метьеориттер бөгеп тұрған сияқты…
Әр сәт – алтыннан қымбат. Айқызбен бірге бір аудиторияда өткізген минуттар, көзімнің қарашығындай, жүрегімде сақталатын, өтіп жатқан өмірімнің ең тәтті естелігі. Арамыз Ай мен Күндей тоғыспайтын қашықтықта. Ол көктемде құлпырған гүл болса, мен сағыныштан сарғайып жерге түскен, күзгі жапырақпын. Менің арман сөзім сол бойда айтылмады. Кейде Меңтайды Тұмажанға қиып қалдырған Ерболдай күй кешсем, онымен кездескен күні «Махаббат бекетіндегі» Оралдай жанарымен үнсіз тілдесем. Іштегі қызғаныш, бетіме шығып тұрғанын өзіде көріп жүр. Өзгелер білмейтін, сөзсіз түсінбейтін сезімді, жалтармастан жар салып жазғаным, ерсі қылық болып көрінсе де, бұл менің титтей болсын арманымның орындалғаны деп білем. Ғашығына бақыт тілеген адам ақылды емес, бұл жәй сөз, бұны көз бояу дейді. Ал іштегі алай-дүлей сезімді сыртқа шығармау, ауруды жасырып, өлгенмен тең. Менің қолымнан келетіні тек адал достықтың, ақ жалауын бірлесіп ұстау. Бұдан артыққа менің ешқандай үмітім қалмады. Неде болса бұл да бір «үміт»!
Айқыз бір үйдің түтінін түтетіп отырған отана, ішінде сәбиі бар. Айналада қыз біткеннің барлығы да тең келмес, теңдесі жоқ, ең әдемі, бақытты келіншек. Ал мен сырттай сыр шертіп, сансыз жауапсыз хаттар жазып, махаббаттың азабы мен мазағына көнген, боз бала болып қала берем…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше